Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Адамдармен қатынас кезінде қажет болатын кеңестер

Адамдармен қатынас кезінде қажет болатын кеңестер

Адамдармен қатынас кезінде қажет болатын кеңестер

Біреудің сізге жасаған әрекетін немесе айтқан сөзін жүрегіңізге тіке қабылдайсыз, сондықтан әрдайым ашу немесе реніш сезімі пайда болып, өзіңізге не айналаңыздағы адамдарға көңіліңіз толмайды. Ендеше, мұндай жағымсыз сезімдер туындамас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Әлемде бәрі әділетті деп ойламаңыз. Бастысы, өзіңіз айналаңызға әділ болып қалыңыз. Алайда қоғамда өзімшіл және біреуді пайдаланатын адамдар бар екенін түсініңіз. Айналаңыздағы адамдардың қайсысы сізге шынымен адал көңілмен қарайтынын немесе керісінше, жақтырмайтынын анықтап алыңыз. Оны анықтаған соң, жауап ретінде оған жаман әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жай ол адаммен араласуды тоқтатыңыз. Айналаңызды сізге қуаныш сыйлайтын адамдармен толтырыңыз.

Айналаңыздағы адамдар сіз үшін бірдеңе істеуге міндетті деп ойлауды доғарыңыз. Басқалар сіздің көңіліңізді аулау үшін немесе сіз қалағандай болуы үшін өмір сүрмейді. Егер айналаңызға махаббат сыйласаңыз, жауап ретінде сіз де жылы сезім алуыңыз мүмкін. Егер ұрысуға себеп іздесеңіз, сізге жақсы қарайды деп дәмеленбеңіз.

Басқа адамның сізді ренжіткен әрекетін анықтауға тырысыңыз. Ол өз баласының ауруын уайымдап немесе көңіл күйінің жоқтығынан сізбен сөзге келген болуы мүмкін. Сіз оған бір кездері оны ренжіткен адамды есіне түсіретін шығарсыз. Өздігіңізден сізге деген жаман қарым-қатынастың себебі бола алмайсыз.

Ашу көрсетудің орнын анықтай білу керек. Көп жағдайда біз қамымызды ойлайтын, қасымызда тұратын жақындарымызға ашуымызды көрсетеміз. Ашуыңызды ашық көрсетсеңіз, бірдеңе өзгере ме деген сұраққа жауап іздеңіз. Жаман ауа райы, кептеліс, бұзылған зат үшін бекерге ашуланудың қажеті жоқ. Егер ашу сізді басқарса, сіз шешім қабылдай алмаумен қатар, оны бағалай да алмайсыз.

3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Odyssey
Қосылған күні: 18 қаңтар 2018, 15:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.