Бастырылып қалу қорқыныштан туады

Бастырылып қалу қорқыныштан туады
Фото: curejoy.com

Бастырылып қалу (ұйқы кезіндегі сал) – ұйқының бұзылуы. Бұл ғылым сомнамбулизмнің белгілі бір тармағы ретінде қарастырылады. Бірақ, сомнамбулизмнің негізгі тармағы – айкезбелік. Ал, айкезбелікке түнде қимылдау, қозғалу тән болса, бастырылып қалу, керісінше, әрекетсіздік арқылы сипатталады. 

Ұйқы кезіндегі сал – гипнагогикалық болса, ұйқыдан оянған сәтте болатын сал гипнопомпикалық деп аталады. Денеңізді басқару мүмкіндігінен бір сәтте айырылып қалу – өте қорқынышты. Бірақ, бұл бастырылып қалудың жалғыз белгісі емес.

Қорқынышты әлем:
Адамдар көру, есту сезімдері арқылы жүзеге асатын галлюцинацияларды жиі байқайды. Мысалы, бір бөлігі сал адам бөлмеде бөтен біреудің барын сезіне алады. Бұл бұлдыр немесе анық көлеңке болуы мүмкін. Тіпті, бұл көлеңкелер адаммен еркін сөйлесе алады. Бұл галлюцинациялар адамның ішкі қорқынышымен қоректенеді және ол адамға одан әрі қорқынышты бола түседі.  Ағылшын әдебиетінде бұл эффект Intruder немесе Trespasser деп аталады. Бұл сөздің аудармасы – «зиянкес». Сонымен қатар, ең кең таралған нұсқасы – біреудің сізді буындырып жатқанын, кеуде бөлігін қысып жатқанын сезіну.  Дегенмен, бұл бар болғаны қорқынышымен қоректеніп, адамның санасын басқарып отырған галлюцинациялар дейді зерттеушілер.

Гипнагогикалық сал кезінде адамдар дыбыстар естиді. Яғни, қоңырау үні немесе түрлі жәндіктердің дыбыстары адамды еріксіз оятады.
Ал, анық галлюцинация гипнопомпикалық сал кезінде байқалады. Сонымен қатар, бұл уақытта адам қимылдап жатқандай сезімде болады. Дегенмен, бұл олай емес.

Ұйқы кезіндегі сал ауруы мидың белсенділігі бұғатталып қалуымен байланысты. Бұл механизмнің зерттелуі әлсіз болғанына қарамастан, ғалымдардың болжамына сенсек, тез ұйқы фазасы кезінде мидағы ацетилхолин атты нейромедиатордың өндірілуі нәтиесінде серотонин істен шығады.

Түсінік бере кетейік:
• Нейромедиатор –  нейрондар арқылы жүйке жүесіне белгі (сигнал) жіберетін химиялық белсенді зат.
• Ацетилхолин – жүйке жүйесі мен бұлшық етке импульс беретін нейромедиатор.
• Серотонин – адамның көңіл күйіне, тәбетіне жауап беретін гармон.
Мұны ғалымдар адамның жүйке жүйесінде орын алған қателіктермен түсіндіреді. Яғни, адамның тәні әлі тез ұйқы фазасында жатса, оның миы әлдеқашан оянып, сергу фазасына көшкендігін негізге алады. Осылайша, адам саналы түрде қимылдағанымен, физикалық түрде әрекет жасауға қауқарсыз болады.

Т. Есқали