Кемеңгер болу үшін...

Кемеңгер болу үшін...

Кемеңгер болу үшін зияткерлік өлшемінің жоғары болуы маңызды емес. Кемеңгерлік кез келген мәселені шешуде қиялды іске қосатын креативтілік арқылы өлшенеді.  

Ерекше ойлау:
Бенджамин Франклин туралы естіп пе едіңіз? Ешқашан мектепте білім алмастан, ол өз бетімен оқып, үздік өнертапқыш, дипломат, ғалым және жазушы ретінде өзін мойындатқан болатын. Ол найзағайдың электрлі табиғаты болатынын анықтаған. Ол мұхит ағынының температурасын өлшеп, алғашқы болып Гольфстрим картасын жасаған еді.

Альберт Эйнштейннің де тағдыры да дәл осы бағыт бойынша жылжиды. Оның тілі өте кеш шықты. Сол уақыттағы білім жүйесіне деген теріс көзқарасының кесірінен мектепте нашар оқыды. Егер ол сол уақытта өзгелер секілді ойласа, оның бойындағы дарын жарыққа шықпас еді. Барлық кемеңгерлік ерекше ойлаудан басталады.

Стив Джобсты еске түсіріңізші, ол нақты және гуманитарлық ғылымдарды, өнерді бір-бірімен байланыстырса ғана ерекше нәрсе өмірге келеді деген қағиданы ұстанған. Сондықтан, Джобс бір кездері бимен айналысып, каллиграфия курсына жазылған.

Қызығушылық:
Леонардо Да Винчи туралы бәріміз білеміз және оның кемеңгер адам болғанын мойындаймыз. Ол әрі суретші, әрі ғалым ретінде ойлайтын. Оның бойындағы ең ерекше қасиеті шектен тыс қызығушылық болатын. Қарапайым адамдар үшін таптауырынды үрдістер, ол үшін шешімі жоқ жұмбақ секілді.

Артынан қалған 1000 бетті күнделігінде оны қызықтырған сұрақтардың тізімі табылған. Ол адамдар неге есінейді немесе шаршы қалай жасалған секілді сұрақтар қойған.  Ол тіпті, қолтырауындардың қаңқасы мен адамның бетіндегі бұлшық еттерді зерттеуге шешім қабылдаған. Да Винчи ғарышқа да қызығушылық танытқан.

Егер  бойыңызда айтылған қасиеттердің бірі табылса, одан ұялмай, керісінше дамыту үшін жұмыстаныңыз. Мүмкін, сіздің ішіңізде де бір кемеңгер ұйықтап жатқан шығар...

Т. Есқали