Төзімді жігіттің өзі шыдай алмайтын қыздар

Төзімді жігіттің өзі шыдай алмайтын қыздар
Фото: Станислав Левченко

Жігіт пен қыз арасындағы сезім – ең нәзік қарым-қатынастың бірі. Мұнда әр ісіңді, әр сөзіңді ой елегінен мұқият өткізу керек. Қыздар еркелеп, назданып, тәтті қылығын жігітіне ғана көрсеткені дұрыс. Алайда тәтті тым көп болса, жүрек айнытатынын да ұмытпағайсыздар.

Қызғаныш. Жігітіңіз сізге толықтай сенемін дей отырып, қызғаныш сезімін де жиі көрсетуі мүмкін. Қызғаныштың барлығы күмән келтіргеннен тумайды, жай ғана өзіне тиесіліге ешкім көз салмағанын қалайды. Ол жігітке жарасымды. Ал қыздардың қызғанышы «оны неге әдемі деп айтасың, менен де әдемі ме», «анау қызға ілтипат білдірдің, ол да саған ұнай ма», «ұнамайтын болса неге лайк басасың» деген секілді сөздерге ұласып кетуі мүмкін. Мұндай сөздер алғашында қызықты диалог туғызғанымен, бірте-бірте жүйкеге тие бастайды. Уақытында тоқтатпасаңыз, жек көрініштілік сезімін туғызып аласыз.

Тым жоғары деңгей. Әр адамның күші мен мүмкіндіктерінде шек болады. Адам ғашық болса, сүйген жаны үшін тау қопаруға да барады. Ал қызы жігітінің әрекеттерін бағаламай, қалауы үсті-үстіне көбейе берсе, «мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылған» ешкінің күйін кешуі де ықтимал. Еңбегі еленіп, бағаланбаған адам теріс айналып кете барса да таңғалмайсыз.

Тәжді армандау. Кей жігіттер қызбен қарым қатынас құруда бірден үйленуді ойламайды. Жігіт үйленуге шешім қабылдау үшін қыздарға барыстың ептілігі, мергеннің баяу да байсалды сақтығы керек, содан кейін кенеттен «шап беруі керек». Ал қыз жігітпен бетпе-бет сөйлескенде ойын ашық жеткіземін деп оған тұрмысқа шыққысы келетінін айта беретін болса, жігіт одан бас тартуы да мүмкін.

Бағыну. Кез келген жігіт үйінде өз әкесінің құзіретін көріп өссе, болашақта өз жұбайы да өзіне бағынышты болып, сөзіне құлақ асқанын қалайды. Ал қызының ырқына көнбейтін ниетін байқаса, оған төзе алмайтын болса, бұрылып кетіп қалғаны дұрыс.

@. @assel_assanova