Бір-бірі үшін жаратылған жұптар

Бір-бірі үшін жаратылған жұптар
Фото: Дулат Сепбосынов

Жұлдызы бойынша жасалған жорамалдың айтары көп. Ертеңгі күнді болжап, «үйден шықпаңыз, қауіп күтіп тұр» деген сөздерге сенбесек те, мінез туралы, жұлдыздың иесі туралы жазылғандар көп жағдайда шындыққа жанасады. Өзі туған жұлдыз жорамал бойынша жарасымды жұптарды да анықтауға болады.

Балықтар мен Сарышаян

Ең идеал жұп – Балықтар мен Сарышаян, екеуінің де стихиясы су белгісіне жатады. Екеуінің қызығушылығы екі түрлі болғанымен, екеуінде де түйсіктік деңгейде жақындастыратын бір арман, бір мақсат бар, отбасына, некеге қатысты мәселелерге де көзқарасы бірдей. Балықтар Сарышаянның агрессиялық қасиетін өшіреді, оны мейірбан да биязы, бәрінен де жақсы адам етіп өзгертеді. Сарышаян Балықтың қолдаушысына, ақылшысына айналады. Бұл жұп романтикалық әрекеттерден қашық болғанымен, араларында толық түсіністік билік құрады, олар біріксе алынбайтын қамал жоқ.

Тауешкі мен Торпақ

Бұл жұлдыз иелерінде ортақ дүние көп. Олар еңбекқорлығымен, шыдамдылығымен, адалдығымен айрықшаланады. Көп жағдайда мақсаттары да бір, тұрақтылықты қадірлейтін болып келеді. Жақын қарым-қатынаста бір-бірін жақсы түсінеді. Олардың бірлестігі соншалық риясыз, сырт көзге ішпыстырарлық көрінуі мүмкін. Өзара түсінбестіктер де туып тұрады, бірақ екеуі де жек көре тұра сүйеді, қаны қайнап тұрса да бір-біріне жанашырлық танытады.

Суқұйғыш пен Таразы

Оларға бір-бірімен өткізген әр секунды қызықты, кез келген тақырыпта сағаттап сөйлесе алады. Жақын қарым-қатынаста бірден ымыраға келеді, бұл екеуін одан ары жақын ете түседі. Су астында тас та бар. Таразының басты қорқынышы – жалғыздық, сол себепті оған серігі әрдайым жанында болғаны ұнайды, тым құрыса үнемі оның ойында өзі ғана жүргенін біліп отырғысы келеді. Суқұйғыштар бірінші орынға достықты, содан кейін құштарлықты қояды.

Торпақ пен Шаян

Екеуі екі түрлі, Торпақ – Жер, Шаян – Су болғанымен, табиғаттағы жер мен су секілді бір-бірінсіз тұра алмайды. Екеуіне қарап бір ғана сөзбен сипаттауға болады – жайлылық. Бұл жұп өмірге тік қарайды, ұрыс-керісті ұнатпайды. Алға қойған мақсатына жетуге біреуі шектен талпынып кетсе ғана қарым-қатынасқа сызат түсуі мүмкін.

Шаян мен Сарышаян

Бір-біріне ынтық тұлғалар. Екеуі көп жағдайда сыйыспауы мүмкін, ал жұп құра қалса, қарым-қатынасы мейлінше берік болады. Екеуінің де өмірге көзқарасы бірдей болғанда ғана жетістікке жетеді, бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Әрқайсының өзіндік қасиеттері бар: Шаян Сарышаянның шығармашылық қабілетін жоғары бағаласа, Сарышаян Шаянның адами қасиеттеріне бәрінен биік қояды. Эгоистік, кексақтаушылық, зеректік және ирониялық қасиет екеуінен де табылады – жақсы жұп болуына бұл да себеп.

Мерген мен Арыстан

Алдыңғы жұптан бұл жұптың айырмашылығы кекшіл емес, кешірімді. Мерген жігіт Арыстан жұлдызында туған қызды өзімен тең деңгейде қабылдайды, сондықтан қыздар бұл жігіттің жанында өзін патшайымдай сезінемін деп ойламай-ақ қоюына болады. Екеуі де От белгісінде болғандықтан, қарқынды, әрдайым алға жылжитын, көңіл көтеретін қарым-қатынасты қалайды. Бұл одақ сұрқай тірлікті емес, жарқын да көңілді өмірді қалайды.

Бикеш пен Торпақ

Жер белгісіне жататын екеу темпераменті де, өмірлік мақсаты да ұқсас. Олар тепе-тең, ақылға құрылған, іш пыстырмайтын қарым-қатынас жасайды. Олардың одағында ұшқын да шашырамайды, қабырға да құламайды: барлығы тыныш, үйлесімді, ол үшін терең сезім ғана жеткілікті. Барлық жағдайда жинақылық, өзінің күшті жақтарына сенім – бұл жұптың жетістікке жетуіне осы кепіл.

Таразы мен Егіздер

Бұл белгіде туғандардың сезімі сыртқы келбетке байланысты емес, жақсы әзілдесетініне, зеректігіне қызығудан оянды. Бұл жұптың қарым-қатынасында интеллектінің маңызы зор. Таразы да, Егіздер де жаңа нәрсені игеріп, өзін дамытып отыруға тырысады. Әйтсе де екеуі де мансап қууға қызықпайды. Өздерін бейғамдықта бақыттырақ сезінеді: кітап оқып, мұражай аралап уақыт өткізгенді жақсы көреді. Күн сайын таңда кеңсеге асыққанша, соңғы оқыған романын талқылап отырып, асықпай тамақтанғанды дұрыс санайды.

Егіздер мен Суқұйғышты, Балықтар мен Шаянды, Тоқты мен Суқұйғышты да бір-бірін тауып қосылған жарасымды жұп қатарына жатқызуға болады.  

Бұл тізімде сіздер не таныстарыңыз бар ма?

@. @assel_assanova