Тырнағыңыз сіз жайлы сыр айтады

Тырнағыңыз сіз жайлы сыр айтады
Фото: Bem Mais Mulher

Әрине, сұлулық салонына барып, тырнағыңызды кез келген пішінге келтіріп алуға болады. Дегенмен табиғи пішіні уақыт өте келе қалпына түседі. Өз тырнағыңызға назар аударып көріңізші. Суреттегінің қайсысына ұқсайды? Таптыңыз ба? Ендеше соған сәйкес сипаттаманы оқыңыз.

1. Көпшіл, ашық-жарқын. Кез келген адаммен тіл табысып кете алады. Өте ақылды. Іскерлік қарым-қатынастарға, жұмысқа байланысты мәселелерді шешуге өте қабілетті. Ұсақ-түйекке дейін өте ұқыпты қарайды.

2. Сезімтал. Интуициясы мықты. Ойланып барып сөйлейді. Адамдардың мінез-құлқын, ойын бірден ұғады. Бұл топтағылар қиын жағдайда да шығатын жол таба біледі. Жанындағылар кәсібилігін, жауапкершілігін бағалайды.

3. Мұндай пішінді тырнақтар көбіне шығармашылық тұлғаларда болады. Өте белсенді, бойында күш-қуаты мол жандар. Аздап қырсықтығы да бар. Дегенмен үнемі көңілді жүреді, өзгелерге де жақсы көңіл-күй сыйлайды.

4. Өте ұқыпты, сақ жүреді. Достықты жоғары бағалайды. Сырттай тұйық болып көрінгенімен, іштей эмоцияшыл болуы мүмкін. Ең жақын деген жандарына ғана ашылып, сырын айта алады. Бұл кісілермен салғыласып, сөзге келмей-ақ қойыңыз.

5. Еңбекқорлар мен көшбасшылардың тырнағы. Алған бетінен қайтпайды. Жауапкершілігі мол. Көңілді ортаны ұнатады. Егер бұл топтағылар жаңа бір істі қолға алса, оның керемет нәтижемен бітеріне сене беріңіз.

6. Батыл, өз мақсатына қалай да қол жеткізетін жандар. Тез шешім қабылдай алады. Бірнәрсе бастамас бұрын жан-жақты ойланып, нақтылап алады. Соның арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Жаңа нәрселерге тез қызығушылығы артады.

7. Қиялы өте ұшқыр. Қиялмен өмір сүргендіктен, айналасын да қиялындағыдай, өзіне жайлы, әдемі етіп өзгертіп алады. Достары көп болмауы мүмкін, дегенмен өзгеге қол ұшын беруге әрқашан дайын.

8. Ақкөңіл, аздап сөзшеңдігі бар. Тығырақтан күтпеген жерден жол тауып, шыға біледі. Бұл топтағылар сирек кездесетін мамандық иелері болады. Ұйқыны жақсы көреді. Бірақ өзіне жүктелген міндетті өте жақсы атқарады.

Дереккөз: ikerim.kz

Ө. Сансызбай