- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңізді өзгелермен салыстыру...
Өзіңізді өзгелермен салыстыру қаншалықты дұрыс?
Өзіңізді өзгелермен салыстырғанды жек көресіз бе? Әрине, оны ұнататын адамды табу қиын. Бірақ, салыстырулар біздің өмірімізге керек. Бастысы – оны орнымен қолдану.
Ғаламтордың дәуірі бастау алғаннан бері, адамдардың көпшілігі лүпілдердің, пікірлердің санымен жарысады. Кейбіреулер үшін бұл өте маңызды, тіпті кейде атақтың аздығына бола күйзеліске түсіп жатады. Салыстырулар көре алмаушылық пен қызғанышқа алып келеді. «Оның жолы болғыш, неге менде жоқ?» деген сауалдармен басын әбден қатырады.
Егер сіз бәрін бір уақытта бірден қалайтын болсаңыз, онда белестерді бағындыру қиынға соғады.
Ең алдымен, жетістік деген не? Жетістік бұл – үрдіс, оқу. Егер сіз бар назарыңызды үрдісті бастауға әрі одан ләззат алуға аударсаңыз, жетістікке жететіңіз анық. Егер осы жағдайда өзіңізді жетістікке жете білген адаммен салыстырсаңыз, мотивация аласыз. Ал, нәтижеге ғана көңіл аудару күйзеліс пен уайымға алып келеді.
Біздің миымыз еріну үшін әркез сылтау іздеумен болады. Біз келбетті адамдарға қарай отырып, өзімізді нашар сезінеміз. Егер ақталуға дайын болсаңыз, жақсы жаққа өзгеруге себеп жоқ. Суреттегі адамдарды табиғат солай жаратқандай күй кешесіз, бірақ, ол ойыңыз – қате. Олар да бұл жетістікке еңбектің арқасында жетеді.
Қай уақытта өзіңізді өзгелермен салыстыруға болады?
Өзге адамдардың өмірінің дұрыс жағына бет бұрыңыз. Олардың жұмысқа қабілеті мен мақсатына жете білетін қасиетіне көңіліңізді бөліңіз. Өзіңізді олармен салыстыра отырып, ең үздік қасиеттерді бойыңызға сіңіріңіз. Өзіңіздің жетістігіңізді өзгелердікімен салыстырыңыз. Финанс жағдайын ешқашан салыстырмаңыз. Қабілеттерге назар адарыңыз. Егер оның қолынан келген іс сіздің қолыңыздан келетін болса,неге ол қол жеткізген жетістікке жете алмай жүргеніңізді сараптаңыз.
Қызғаныш пен апатияны шабыт пен оқуға талпыныспен алмастырыңыз.
Бұ сіздің өмір сүру әдебіңізді толығымен өзгертеді. Сеніңіз. Дұрыс адамдар мен қадамдарды іздеуде сәттілік тілейміз.
Т. Есқали