Мінезді маникюр арқылы тануға да болады

Мінезді маникюр арқылы тануға да болады
Фото: bestmanikyur.ru

Адамды бір көріп тани қою мүмкін емес. Адам аласы ішінде. Алайда психологиялық тұрғыдан алар болсақ, оның сырт-сипатын бақылай отырып, ішкі жан дүниесіне үңілуге де болады. Бүгін кезекті маникюр арқылы мінез тануға береміз.

Қара

Сіз өте құпия, жұмбақ тұлғасыз. Ер адамдар сіздің сырыңызды ашуға ынтығып тұрады. Өз бағаңызды білесіз. Ақымақ адамды көрсеңіз, бірден бойыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Сіздің онымен айтар еш ортақ тақырыбыңыз жоқ.

Қызыл

Сіздің ең басты қасиетіңіз – тартымдылық, қызбалық, эмоциялылық. Кейде өз сезімдеріңізді басқара алмай қаласыз. аузыңызға келгенді айтып, ойланбай іс істеп те жатасыз. Есесіне сіздің жаныңызда жүрген жандардың іші пыспайды.

Ақ

Бұл түсті басқаларға көмектесуге бейім тұратын мейірімді адамдар таңдайды. Сіз – ең жақсы дос, ақылды кеңесші бола аласыз. Бірақ «жоқ» деп айтуды да үйреніп, өзіңізді пайдаланып жүрген амал достардан құтылғаныңыз да абзал.

Көк

Сіз үшін адалдықтың, әділдіктің орны бөлек. Себебі өзіңіз осы қасиеттерге байсыз. Кез келген кикілжіңді күліп шешуді қалайсыз. Ал егер біреу сіздің жақындарыңызды ренжітетін болса, онда оны аямайсыз.

Жасыл

Көбісі сізді нәзік деп ойлауы мүмкін, бірақ сіз олар ойлағаннан әлдеқайда мықтысыз. Жетістікке ешкімнің көмегінсіз, өз күшіңізбен жетесіз. Мансапты бірінші орынға қоймайсыз. Ал нағыз өз азаматыңызды, сенеріңізді, тірек болар жаныңызды кездестіргенде барлық бал қылық, нәзіктігіңіз соның ғана алдында төгіледі.

@. @assel_assanova