Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сізді бақытсыз ететін сенімдер

Сізді бақытсыз ететін сенімдер

Сізді бақытсыз ететін сенімдер

Бақыт деген не? Ол – сіз өлшемін де, бағасын да білмейтін сәт қана. Бақытты болу үшін сіз өзіңіздің ойыңызды жаулап алған жалған сенімдерден құтылуыңыз керек.

1. «Сіз бәріне ұнауға тиістісіз»

Шындығына келсек, жоқ. Сіз ешкімге ұнауға тиісті емессіз. Сіз жасаған әрекеттердің барлығына сын айтып, жолыңыздан тайдыруға жұмыстанатын адамдардың қатары табылары сөзсіз. Кез келген нәрсені қолға аларда хейтер деп аталатын жағымсыз пікір иелерінен орынсыз сөздерді естуге дайын болыңыз. Егер бәріне ұнау үшін жұмыс жасасаңыз, бағытыңызды жоғалтасыз.

2. «Барлық іске икеміңіз болуы керек»

Бұл да – қоғамның сізге қояр талабы. Сіздің икеміңіз барлығына бірдей бола бермейді. Сурет сала алмаймын деп өзіңізді талантсыздардың қатарына қосудан аулақ болыңыз. Егер қолыңыздан үй шаруасымен айналысу келмесе, жақсы жар болу қолымнан келмейді деген үкімді шығаруға асықпаңыз. Икемділік болмай талантты дамыту – қиын жұмыс.

3. «Сіз қалағандай болмаса...»

Иә, өмір сізден жоспарларыңызды сұрап отырмайды немесе сіздің жоспарыңыз бойынша бәрі іске аса бермейді. Тек сол олқылықтың орнын қалай толтыруға болатынын ойланып көріңіз. Мотивация берудің шебері Тони Робинс бір сөзінде: «Өмірдегі бар нәрсе сіз ойлағандай болмаса қам жемеңіз. Егер сол барлық сәтсіздіктер сіздің келешегіңіз үшін орын алған болса ше?!» – деген болатын. Шынымен, мүмкін сіздің өміріңізде кездескен әр сәтсіздік сіздің игілігіңізге үшін болса...

4. «Өткенмен өмір сүресіз»

Өткенді өзгерту мүмкін емес. Сіз келер шағыңыз бен қазіргі сәтіңізді өзгерте аласыз. Өткен өміріңіз сіздің болашағыңызға кедергі келтіруіңе жол бермеңіз.

5. «Өзге адамдар алдындағы парызыңыз...»

Мұны мүлде ұмыттыңыз. Сіз – жеке тұлғасыз. Өзгенің алдында сіз жауап беруге тиісті емессіз. Ұмытпаңыз, сіздің алдыңызда да ешкім адам ретінде жауап беруге тиісті емес.

6. «Ешнәрсе істемей бақытты болу»

Бір нәрсеге ие болу үшін қажетті мөлшерде тер төгу керек. Егер, сіз өзіңізді бақытты сезіне алмасаңыз, демек, тер төгіп жатқан жоқсыз. Бақыт шынайы жағдаймен ғана өлшенетін болса да, ешнәрсе жасамасаңыз, оған қол жеткізу мүмкін емес.

7. «Қиындық пен жауапкершілікті қабылдағаннан гөрі, қашқан дұрыс»

Сіз қашқанмен бір күні қолға түсесіз. Қиындықтан қашу – жеңілу. Қолыңызға тиген мүмкіндіктен айрылып қалдым дей беріңіз.

Бұл ойлармен күрес жүргізе бастаудың өзі – үлкен қадам. Бақытты болу да, бақыттан безу де өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз.

1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: hipa.ae
Қосылған күні: 24 тамыз 2017, 15:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.