- Негізгі бет
- Психология
- Көңіл-күй гормонын қайдан...
Көңіл-күй гормонын қайдан табасыз?
Көңіл-күйіңіз сіздің ағзаңыз бөлетін гормондармен тығыз байланысты екенін жақсы білетін боларсыз. Серотонин – адамның қимыл мен көңіл күйін бағылайтын химиялық зат. Оның арқасында сіз қуанасыз, жақсы ұйықтайсыз, өзіңізді бақытты сезінесіз әрі ұзақ жасайсыз.
Серотонин деген не?
Бұл – жүйке жасушаларында түзілетін гормон. Ол асқазанда, ішектерде, қан мен орталық жүйке жүйесінде көбірек бөлінеді.
Серотонин тағам арқылы ағзаға түсетін аминқышқылы, соның ішінде триптофан арқылы түзіледі.
Көңіл-күй гормоны не үшін керек?
Серотонин бүкіл ағзаға әсер етеді. Оның негізгі қызметтері:
• Ас қорытуға қатысады.
• Жүрегіңіз неге айниды? Серотонин шектен тыс көбейген кезде, лоқсу құбылысы байқалады. Сонымен қатар, диарея арқылы ағзадан токсинді нәрселерді шығаруға көмектеседі.
• Ми ұлпаларындағы серотонин көңіл-күйге жауап береді. Гормонның жетіспеушілігі күйзеліске, ал артық мөлшері жүйке жүйесінің бұзылуына алып келеді.
• Серотонин мидың ұйқыға жауапты бөлігін бір қалыпты етіп ұстауда өте маңызды. Ояну мен ұйқыны серотонин рецепторлары шешеді.
• Серотонин сүйектердің саулығы үшін керек. Бірақ, оның артық мөлшері сүйектерді сынғыш етеді.
Серотонинді қайдан табасыз?
Құрамында триптофан көп мөлшерде кездесетін азықтардан табуға болады.
• Жұмыртқа. Оның ақуызы қан плазмасындағы триптофанның мөлшерін көбейтеді.
• Ірімшік. Ірімшіктің пайдасы тисін десеңіз, паста тағамы арқылы қолданыңыз.
• Ананас. Ас қорытуды жақсартады.
• Жаңғақтар. Жаңғақ сонымен қатар жүрек пен тыныс ауруларының алдын алады.
Серотонин синдромы деген не?
Серотониннің қандағы артық мөлшері өте қауіпті:
• Денеңіз тоқтаусыз дірілдейді;
• Диарея;
• Басыңыз ауырады;
• Көз қарашығы үлкейеді;
• Қан қысымы мен температура артады;
• Жүрек соғысы жиілейді;
• Теріңіз құрғап кетеді;
Бұлардың барлығы уақытша. Егер дер кезінде ем алсаңыз, бір күнде серотонин мөлшері қалыпына келеді.
Серотонин аз болса...
Тамақтардан бөлек мына жағдайлар серотонин мөлшерін көбейтеді:
• Күн сәулесі;
• Дене шынықтыру жұмыстары;
• Дұрыс тамақтану;
• Жақсы ойлар;
Жүзіңізден күлкі кетпесін!
Т. Есқали