Жетістікке жету неге қиын?

Жетістікке жету неге қиын?
Фото: lifehacker.ru

Ақыл мен еңбекқорлық секілді қасиеттер жетістікке бастайтын жол деп есептесеңіз қателесесіз. Тек еңбекқор болу жеткіліксіз. Неге?

1. Табысқа жету үшін өзгерістерден қорықпау керек.

Күнделікті өмірде қайталана беретін әрекеттеріңіз сіздің әдетіңізге айналып кетеді. Өзгерістерге қорқынышпен қарайтын боласыз. Ал, өзгерістер – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Олардан қашудың орнына, оны жаныңызға серік етіңіз.

2. Тәуекел етуге дайын болыңыз.

Ақылды адамдар өзін жайлы сезінетін аймақтан шығуды жөн санай бермейді. Өйткені, ол аймақ әлдеқайда қауіпсіз. Мысалға, өзіңіз сүймейтін жұмыспен жылдар бойына айналысасыз. Өйткені, оның қыр-сырын меңеріп, бірнеше жылдық тәжірибе жинайсыз. Егер тәуекел етуге дайын болсаңыз, сізді алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер күтіп алады. Арманыңызды кез келген уақытта орындауыңызға болады.

3. Өткен жетістіктеріңізге үміт артпаңыз.

Өткен күн қайтып келмейді. Сол артта қалған жетістіктеріңіз тек тәжірибеңіз болуы ғана мүмкін. Ал, оған үміт артар болсаңыз, соны ғана аузыңыздан тастамайтын болсаңыз, жаңа жетістіктерге жету қиындай түседі.

4. Шешім қабылдауға қабілетсіздік.

Ақыл мен еңбекқорлық талай есіктерді ашып берері сөзсіз. Бірақ, кейбір жетістіктер үлкен таңдау жасаудың көмегімен келеді. Егер таңдау жасауға қауқарсыз болсаңыз бар сәттілікті уысыңыздан шығарып алатыныңыз анық. Шешімдердің барлығы сәтті аяқтала бермейді. Сәттісі жетістік, сәтсізі өмірлік сабақ ретінде қалыптасады.

5. Сенімсіздік.

Адам айтса нанғысыз: бірақ, ақылды адамдары өзінің қабілетіне көбірек күмәнмен қарайды. Өзің жиі сынға алады. Жақсы қасиет сияқты, дегенмен, бұлар сіздің бойыңызға сіңіп алады да, сенімсіздік деген ауруды тудырады.

Бойыңыздағы бар қорқынышты жеңіп, биіктерді бағындырыңыз!

Т. Есқали