Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест. Сіздің ашу деңгейіңіз қандай?

Тест. Сіздің ашу деңгейіңіз қандай?

Тест. Сіздің ашу деңгейіңіз қандай?

Кейбір адам ашуын өзге біреуден алуға дайын тұрса, енді бірі, керісінше, сабырлы болады. Ал үшінші бір адамдар іштей қатты ашуланса да, сырттай жайдары көрінуге тырысады. Ал, сіз ше? Тез ашуланасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз.

1. Жарыста жеңіске жеттіңіз. Қуанышыңызды қалай көрсетесіз?

а) Дастархан жайып, барлық танысымды шақырамын;

ә) Іштей масаттанып қаламын;

б) Алақайлап секіруге дейін барамын.

2. Сүйіктіңіз сабағы немесе жұмысына бола сізге назар аудармайды. Оның бұл қылығын қалай қабылдайсыз?

а) Ұрыс шығарамын;

ә) Оған үндемеймін, бірақ ренішімді көрсетемін;

б) Өзіме назар аудартуға тырысамын.

3. Көлік жууда көлігіңіздің сырты сырылып қалды. Мұндайда не істейсіз?

а) Ешнәрсе;

ә) Сыртын боятуға ақша талап етемін;

б) Өз ақшама боятамын.

4. Кішкентай кезіңізде үй тапсырмасын қалай орындайтын едіңіз?

а) Көбінесе аулада ойнап жүретінмін;

ә) Берген тапсырманы мұқият орындаймын;

б) Көңіл-күйіме байланысты орындаймын.

5. Супермаркет кассасында бір адам кезектен тыс өтіп бара жатқанын көрдіңіз. Не істейсіз?

а) Егер қолындағы заты аз болса, үндемеймін;

ә) Кезекке тұруы керек екенін айтамын;

б) Басқа кассаға өтемін.

6. Серуендеп жүрген кезіңізде жаңбыр жауып кетті. Сіз не істейсіз?

а) Ары қарай серуендей беремін;

ә) Қалқаға тығыламын;

б) Үйге қайтып ораламын.

7. Қандай жануармен бірге тұра алар едіңіз?

а) Мысықпен;

ә) Сенбернармен (ит);

б) Тотықұспен.

Әр «а» жауабына – 1 ұпай, «ә» жауабына – 2 ұпай, «б» жауабына – 3 ұпай беріңіз.

Тест жауабы:

7-11 ұпай. Кейде болмашы дүниелерге бола ашуланатын кездеріңіз болады. Артынша бұл әрекетіңізге бола ұяласыз. Кеңес: ашуланбас бұрын барлығын таразылап алыңыз.

12-16 ұпай. Ашуыңызға тисе, дауыс көтеруге дайынсыз. Алайда жағдайды дұрыс бағалайсыз. Ашуландыратын адамдарға да ақырын сөйлеуге дайынсыз.

17-21 ұпай. Сізді ашуландыру қиын. Үнемі кешірім сұрап жүресіз. Біреу ренжітсе, үнсіз қаласыз. Ішіңіздегіні сыртқа шығармайсыз. Кеңес: кейде ашулануыңызға болады.

5
Рейтинг: +1

Фото: wallpapersxl.com
Қосылған күні: 03 тамыз 2017, 11:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.