- Негізгі бет
- Психология
- Маникюр қыздың мінезін...
Маникюр қыздың мінезін ашады
Бойжеткеннің сұлулығы оның бар сырын ашпаса да, мінезі, болмысы туралы айта алады. Мысалы, классикалық маникюр. Бұл жерде екі факторға көңіл аудару керек. Олар: тырнақ ұзындығы мен лак түсі.
Психолог мамандардың айтуынша, тырнақ неғұрлым ұзын болса, соғұрлым қыздың бойында өзіне деген сенімділік артады. Ұзын тырнақты асықпайтын, байыпты қыздар таңдайды. Олар өзіне де, басқаларға да күмәнмен қарамайды. Керек кезде кез келгеннің көңілінен шыға алады. Қысқа тырнақ қожайындары жиі жағдайда күмәншіл, аналитикалық ойы өткір, тез үйренгіш болады. Алайда олар өз өміріне шағымданғанып жүреді.
Түстер жайында... жарқын, көзге түсетін түсті тырнақ бояуын таңдайтын қыздарға тоқталайық. Жасыл түсті лак таңдаған қыз оптимист және кез келген адаммен тіл табыса алады. Көк пен көгілдір түстері қожайынының тәуелсіз, бостандық сүйгіш, ішкі жан дүниесі үйлесімдегі жан екенін көрсетеді. Жидек түсті маникюр – байыпты, салмақты қыздардың таңдауы. Қызыл түстер импульсивті, эмоционалды қыздардың белгісі. Нейтралды, бейтарап түстерді таңдайтын қыздар епті, пысық болады.
Френч маникюрын таңдайтын қыздар мансапқор, билік құмар. Олар бар уақыты мен көңілін жұмысына бөледі. Сол себепті жұмыстарында табысты, ақшалары жеткілікті.
Нейл-артты таңдайтын қыздар маникюры арқылы көңілі мен өзіне деген сенімділікті көтереді. Олар сәл тұйық, ұялшақ бола тұра, өнер адамдары болуы мүмкін. Олар – креативті ойлайтын, заттарға жаңаша, басқа қырынан қарайтын қыздар. Мұндай маникюр иелері өмірдің әр сәтінен рахат ала біледі. Оларға жетіспейтіні – басқалардың көңілі.
Лак жақпайтын қыздар жиі жағдайда аз істеп, көп алғанды қалайды. Олар "жігітше" ойлай алады, эффективті жұмыс істейді. Өз күшін тек қажет дүниеге құртады. Армандары мен мақсаттарына қалайда қол жеткізеді.
Тырнақтарын өсірмейтін, лак жақпайтын қыздар өз уақыты мен күшін босқа құртқысы келмейді. Олар жоспарлар құрып, солар бойынша өмір сүреді.
Г. Берік