- Негізгі бет
- Психология
- Оффлайндағы алғашқы кездесу...
Оффлайндағы алғашқы кездесу
Қазірде жастар арасында қоғамдық желілерде танысу жиі орын алатын болды. Ғаламтор кеңістігінде жақсы жігітпен (не қызбен) кезігіп, бірінші кездесуге аттануға дайынсыз ба? Оффлайндағы алғашқы кездесуде бола алатын қиындықтар жайлы хабардар болғаныңыз жөн.
Үміт артпаңыз
Оны білемін деп ойлайсыз ба?
Қоғамдық желідегі парақшасын олай-бұлай ақтарып, достарын, туыстарын тауып, бар суреттерін қарап үлгеріп, оның сүйікті әндерін, ұнаған бейнебаяндарын тамашалап, оны жақсы білемін деп ойлайсыз ба? Ішіңізден шыққан осы ой сізді уақыттан бұрын оған сендіріп, онымен рухани жақындасып кетуіңізге ықпал жасай алады. Кейін ғашығыңызды шын біле бастағанда, бұның бәрі өтірік болып шығуы мүмкін.
Өз өтірігіңіз шығып қалмасын
Шынын айтсақ, әркім ғаламтордағы парақшасына кішкентай болса да өтірік жазады. Бұл еріксіз болуы да мүмкін. Өзіңізді жақсы жақтан көрсетемін деп, кей нәрселерді жасырып, кей нәрселерді әсерлеп жібересіз. Кездесу кезінде сыңарыңызға қашан не айтқаныңызды еске алып, өтірігіңіздің шығып қалмауын қадағалауыңыз керек.
Онлайн тұрғанда, оффлайн не үшін қажет?
Ғаламтор арқылы бір-бірлеріңіз жайлы бар ақпаратты сұрастырып алдыңыздар ма? Бір-біріңіздің отбасы, оқу, жұмыстарыңыз жайлы бәрін білесіздер. Суреттер бойынша қай жерде, қалай, кіммен демалғандарыңыз да баршаға мәлім. Кездесуіңіз қызықсыз өтуі әбден мүмкін. Айтатын тақырып пен сұрайтын сұрақ табылмай қалмасын.
Әрине ғаламторда танысу - тез, оңай әдіс. Алайда виртуалды өмір мен шын өмірді ажырата білейік.
Ал сіз ғаламтор арқылы кездесуге барып көрдіңіз бе?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: womanonly.ru
С. А