Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ең әдемі қыздың жұлдыз белгісі қандай?

Ең әдемі қыздың жұлдыз белгісі қандай?

Ең әдемі қыздың жұлдыз белгісі қандай?

Қазақ қыздарының барлығы да сұлу, әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі, басқаға ұқсамайтын тартымдылығы бар. Кез келген қыз көрген жанды келбетімен тамсандыра алады. Бірақ кей арулар өзін бағаламай, өзіндегі артықшылықты байқамай жүруі мүмкін. Жұлдыз белгіңіз бойынша өзіңіздің ерекше қырыңызды танып көріңіз.

Тоқты

Тоқты белгісінде туған қыздар өзін көрген жан бұрылып қарамай өтпейтіндей келбетке жете алады. Тіпті бірнеше бұрылып қарап, ұмыта алмайтындай күйге де түсуіңіз мүмкін. Олар ашық-жарқын киімді таңдайды. Бірақ киіммен ғана емес, бар ажарымен ел назарын жаулайды. Ол сондай өмірге құштар, бірегей жандар. Мың жігіттің арманы, бір жігіттің жан жары болуды қалайды.

Торпақ

Бұл жұлдызда туғандар нәзіктігімен, сүйкімділігімен жүректерді жаулай біледі. Жігіттер наздылыққа шырмалып қалғаннан кейін ғана соншама нәзіктік артында қайтпас қайсарлық пен таймас табандылық жасырынып жатқанын байқайды. Торпақ ханымдардың талғамы тым жоғары, сондықтан әрдайым табиғи да тамаша көрінеді. Олар ойға келмейтін түстерді үйлестіріп киюден алдына жан салмайды.

Егіздер

Егіздер жұлдыз белгісіндегі арулар өте құбылмалы. Әрдайым образын өзгертіп отырмаса болмайтындай. Дәл қазіргі сәтте ішкі әлемінде не болып жатса, соны міндетті түрде образы арқылы сыртқа шығарады. Мұндай сұлуларды көпшілік арасынан байқамау мүмкін емес.

Шаян

Талдырмаш, бірқилы қасиет Шаян-қыздардың бойынан табылады. Барын киініп, бетін бояп жүру де осыларға тән. Тым көзге ұрып тұратын ашық образдарды қаламайды. Есесіне киім үлгісіне бижутерия мен аксессуар қосып, айрықшалана алады.

Арыстан

Арыстандар жоқтан бар сұлулық жасай алады. Мүсіні мінсіз болмаса да, сымбаты сұлу болмаса да, мейлі, оны айналасындағылар ең әдемі қыз деп көреді. Бәлкім, табиғи тартымдылығы себеп болатын шығар. Өзіне қараған жанға бірден жымиып, жылу сыйлай алады.

Бикеш

Бикештерге көз алмай қарап отыра беруден талмайсыз. Олардың көркін сөзбен суреттеп жеткізу қиын. Бірақ кейбіреулерде бұл сұлулық тек өзгелерді таңғалдыруды мақсат еткен жасанды сұлулық болу мүмкін. Олар терісіне, сымбатына асқан күтіммен қарайды. Сол себепті де сиқырлы балғындық желі есіп тұрады.

Таразы

Бұл жұлдыз белгісіндегі әйел затына тәңірлік тартымдылық берілген. Олардың беті де айқын, қолы да сұлу. Кей-кейде Таразылар киімдегі, шаш бояудағы үйлесімділікті өздері құртып алады, бірақ артынша тез қалпына келтіреді. Әртістік қылымсуы да өзгеше сән береді.

Сарышаян

Сарышаян белгісіндегі қыздар өзін мейлінше жетілген деп есептейді, сонысымен сүйкімді. Бірақ олар жай ғана тартымды емес, басқаша әдемі. Оған жігіттерді магнитше тартып тұратын нәзіктігін қосыңыз. Көңіліне қонымсыз жігітке «тебу өрісін» жіберіп, жанына жаққан жігітті жіпсіз байлап қоятын қасиеті бар. Сол себепті бұл жұлдызда туған қыздар өз бағасын біледі, көлденең кезіккен көк аттымен көңіл жарастыра бермейді.

Мерген

Мерген қыздардың ерекше дарыны бар, сыртқы келбеті еш маңызды емес, қандай болса да оларды барлығы жақсы көреді. Олардың жанынан жай қарап өтіп кете алмайсыз. Өкініштісі, мерген жұлдызында туған қыздар сырт келбетіне лайықты күтім жасамайды.

Тауешкі

Оның әсемдігіне тамсанатын белгілі бір адамдар бар, кейбіреулерге ұнамауы да мүмкін. Олар өзіне ғана тән айрықша стиль жасай алады, тіпті олардың киген жаңа үлгісі сәнге айналып кетуі де ғажап емес. Олар өзін интеллекті жоғары адам ретінде көрсете білетіні сонша, түр-әлпеті де маңызы жоқ болып қалады.

Суқұйғыш

Бұл қыздар көптеген коллекционердің арманына айналған айрықша картина іспетті. Олар сырттай ғана тартымды емес, ішкі әлемі де шуақ шашып тұратындай. Кешкі керім көйлек кисе де, қарапайым футболкамен жүрсе де жігіттердің жанарын жаулап алады.

Балықтар

Жұлдыздар шоғырындағы ең әдемі жұлдыз белгісі десе де болады. Олар жігіттерді сыртқы көркімен ғана емес, ішкі құпия образымен баурап алады. Олар ешқашан «айқайлаған», ашық сән таңдамайды. Олардың бейнесі түбегейлі ойластырылған әрі үйлесімді.

1
Рейтинг: +5

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: VsePrivoroty.ru
Қосылған күні: 18 сәуір 2017, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.