Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ашуыңызды басыңызшы!

Ашуыңызды басыңызшы!

Ашуыңызды басыңызшы!

Таң білінді. Түнде жастыққа кеш бас қойған жан үшін қоңыраудың дыбысы әлемдегі ең жағымсыз дауыс. Өшіріп тастап, ұйқының аулына қайта бет бұрғымыз келеді. Жоқ, болмайды. Қазір жұмыс басталады. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» дейді біздің қазақ. Онымен, келіспеске шара жоқ. Дүйсенбіде жұмыскер тұлғаның көп бөлігі жұмысқа кешігіп барады екен. Ол жайында айтып та өткенбіз. Кешікпеудің жайын ойлап, асығыс-үсігіс сыртқа тартамыз. Далаға шықсақ, дәл сіздей мыңдаған адам жұмысқа асығып барады. Бірінің ұйқсы қанбаған, бірінде басқа да бас қатыратын проблема. Алдыңыздан көлденең шыққан адамның қатулы қабағы сізге де әсер етеріне шүбәміз жоқ. Сіздің таңертең қоғамдық көліктегі жанжалдың куәсі болуыңыз да – сондықтан. Қарап тұрсақ, біз өзіміз бірімізге-біріміз әсер етіп, бір-біріміздің мазамызды «қашырып» жүр екенбіз.

Ал енді осы жөнінде ақтарыла әңгіме шертіп көрейікші. Біздің көңілді болып жүруімізге не кедергі? «Біздің бұл жүрісіміз не жүріс?» деген сұрақты төтесінен төндіре салсам, не дер екенсіздер? «Өмірдің көшінен қалмау үшін жанталас» дегенге келтіріп, жауап қайтаратындарыңызға шүбә келтірмейміз. Енді біріміз өмірден түңілген түр танытып: «Адам жоқ жаққа кетіп қалғым келеді» дейміз. Сонда сіздің «сәтсіз» өміріңізге тікелей кінәлі жандар жаныңыздағы адамдар ма? Олар кімдер? Жұмыста жаныңызға тыным бермейтін бастықтар, қоғамдық көліктерде мазаны алып аяғыңызды таптап кететін жолаушылар, сауда үйлерінде, не дүкендерде кезегіңізді тартып алатын тұтынушылар... Түсінікті жайт!

Қашан да сырттағы "кінәсіз" жандар алдында эмоцияңызды жасыруға тырысыңыз.

Біз кейде ішкі эмоцияны жасыра алмай, оны үнемі сыртқы ортамен «бөлісіп» жатамыз. Сіздің үйдегі жарыңызбен, не жақыныңызбен керісіп шыққаныңызға жұмыстағы әріптесіңіздің түкке де қатысы жоқ қой. Немесе сіздің жайы болмай тұрған денсаулығыңызға өзіңіздің күтінбегендігіңіз болмаса, оған сіздің сүйіктіңіздің не кінәсі бар? Ішіңізде болып жатқан алай-дүлейді басу үшін сіздің ашуыңызға бірден-бір себепкер жанның суретін алыңыз да, бөгде жандардан тыс жерде оған айтқыңыз келгеннің бәрін суретке жайып салыңыз. Не сол зілді ашуыңызды қағазға түсіріңіз. Тек әйтеуір тым уыттты сөздеріңізді аузыңыздан босқа шығарып, босқа сыртқы ортадағы жандардың мазасын текке алмағайсыз.

Бала көңілді болып жүріңіз.

Бала – күнәден пәк пенде. Әрине, бала боламыз деп жүріп, шала тірлікке ұрынып қалмауымыз да керек. Балалар кез келген нәрсеге қуана алады. Олар біз секілді қарапайым проблема үшін бас қатырмайды. Олар біз бен сіз сияқты түйедей нәрсені түймедей етпейді. Сондықтан ашу қысқанда, балалардың жанында болуыңыз да артық іс емес.

Ұйқыны "ренжітпей" жүрсеңіздер де, ашусыз-ақ ұтымды жұмыс жасауға көп мүмкіндік болады.

Үнемі қуанып жүру – үнемі дербес болудың кепілі. Жағымсыз, қажетсіз проблемалардан басыңызды ала қашыңыз. Не оларды оңай шешуге асығыңыз. Кейде «Бәрін өз уақытында көре жатармыз» деген түйінге келген де дұрыс шығар.

Ашуға бой бермейік! Күніңізге сәттілік!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: shkolazhizni.ru, otdyhirelaksaciya.blogspot.com,wowlol.ru

469 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 02 қазан 2012, 08:34
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 08:21

Таңмен көңіл-күйіңізді ешкімнің бұзуына жол бермеңіз :roll:

+0
02 қазан 2012, 10:47

кеттім қуанатын бірнәрсе ойлап табам ))

+0
02 қазан 2012, 11:49

Дұрыс! Айнала - ішкі көңіл-күйдің айнасы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...