Дүниедегі ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел

Дүниедегі ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел
Фото: vk.com

Қыздар!

1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам - ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел - еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел - ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.

...Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.

Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабынан үзінді

Р. Роза