Психологиялық тест: Мынау қандай затқа ұқсайды?

Психологиялық тест: Мынау қандай затқа ұқсайды?
Фото: vk.com

Төмендегі суреттен сіз ең алдымен қандай затты көрдіңіз?

1. Микрофон. Сізге біреулер қатты қызығып жүр. Сіз жайлы өсек-аяң көп. Өз салаңызда танымал адамсыз. Сізді жақсы көретін адамдар көп, дұшпаныңыз да баршылық. Көптің көзіне көп түспеуге тырысыңыз. 

2. Бокс қолғабы. Алдыңызда үлкен сынақ тұр. Бұл сынаққа дайындығыңыз мықты. Бәсекелестеріңіз көп. 

3. Қол. Сәттілік пен бақуаттың белгісі. Күш-қуат пен ерік-жігердің иесісіз. Көп нәрсе қолыңыздан келеді. Мақсатыңызға адымдап қадам басып келесіз. 

4. Қол шамы. Кез келген мәселені таразыға тартып шеше білесіз. Қиялмен емес, шынайы көзқараспен өмір сүретін адамсыз. 

М. Оңғарова