Ой арқылы бәріне жетесіз

Ой арқылы бәріне жетесіз
Фото: France Info

Психология ұғымында «ойыңыз жүзеге асады» деген сөз көп айтылады. Бұл жайдан-жай айтылған түсінік емес, факт ретінде ғалымдар арнайы дәлелдеген.

Ойланып қарасақ, бәріміздің де басымыздан мынадай жағдай өтеді. Бақытты сәттерімізде «мен бұл ғажайыпты үш ұйықтасам да, түсімде көрген емеспін», «бұлай боларын мүлде күтпедім» деп жатамыз. Жақсылап еске түсірсек, біз бір кезде бейсаналы түрде болса да, осы нәрсені ойға алдық. Демек ой жүзеге асты деген осы. Ми әлдебір қатпарларда тығылып жатқан ойды тауып алды.

Мысалы кез келген жігіт әлдебір қызды өзіне қаратқысы келсе, арада қанша уақыт өтсе де, ол қыз күндердің күнінде жігітке назар аударуы мүмкін.

Ойды басқа қырынан алып қарайтын болсақ, жамандықты да шақыратын өзіміз. Қиыншылыққа тап болу, қарызға бату, жалғыздық жапасын шегу, жиі ауырып қалу – барлығын ойлай бергендіктен, ол мәселелер де айналшықтап, бізді тастап кете алмайды. «Ауру шақырып келеді» деген сөз де тегін айтылмаса керек.

Мұның барлығы жай ғана кездейсоқтық тәрізді көрінуі мүмкін, бірақ... Адамның бейсаналы ойлау деңгейін зерттей келе, ғалымдар: ойымыз – қалауымызды жүзеге асыратын өзіндік магниттік күшке ие екенін әлдеқашан дәлелдеді.

Армандағанда абай болыңыз!

Себебі тартылыс заңының алғашқы ережесі біздің ойымыз дереу орындалуына құрылған. Осы нәрсе ыңғайсыз тұр, құлап қалады-ау деп ойлап үлгергенше көз алдыңызда құлап қалғанына талай куә болған шығарсыз. Бірден орындалмайтын ойлар да болады. Себебі оған қайғы-мұңды өзіміз араластырып жібереміз. Мысалы жігіті тастап кеткен қыз оның қайта оралуын қалай тұра, мен ойладым, неге орындалмайды деп ойлауы мүмкін. Себебі сол ойларымен бірге ал егер келмесе ше, ол басқа қыздарға қарап жүрген болар деп ақымақ ойларымен миын шатастырады әрі көз жасын көлдетеді. Шаттана ойланбаған іс те орындалмайды.

Ой – арман.

Біздің бейсаналы ойымыз ғаламмен тығыз байланысты. Біздің әр ойымызды қалауынан туған арман деп қабылдайды. Қауіп-қатердің бәрі осыдан туады. Егер бір қыз өзінің жалғыз екенін үнемі ойлай беретін болса, жалғыздығы ары қарай жалғаса береді. Себебі ми осы ойын арманы екен деп қабылдайды. Өзі ойымен жалғыздықтан осылайша құтыла алмайды. Басқалай ойлағысы келмейді не қауқары жетпейді. Жаман ойлармен санамызды толтырып, өмірге, тағдырға шағымдана беру басқаларына қарағанда әлдеқайда оңай сияқтанады.

Осылай тығырықтан шыға алмаймыз: шағымданамыз – ғалам «шағымды» – «арман» ретінде қабылдап, оны орындай береді. Оның үстіне тағы шағымданамыз. Осылай жалғаса береді. Қорқыныш жөнінде де осыны айтуға болады. «Неден қорықсаң, соған жолығасың» дейді. Осы адамға не сол іске тап болып қалмайын деп үнемі ойлай берсең, өз ойыңмен барып сол іске ұрынасың.

Дұрыс ойлай біліңіз!

Мақсаттарыңызды дұрыс құрыңыз. Ол үшін алдымен қорқыныштан, жаман ойдан арылыңыз. Өткеніңізге өкінішсіз, келешегіңізге күлімдеумен қараңыз. Өмірімізде кезіккен қара жолақтарды түрлі түске бояу өз қолымызда. Өзгеретін сәт жетті!

@. @assel_assanova