Күліп жүргеннің барлығы бақытты емес

Күліп жүргеннің барлығы бақытты емес
Фото: litteracoach.com

Күліп жүргеннің барлығы бақытты емес. Күлудің астарында да бір себеп  бар. Мұңайып жүргеннің барлығы бақытсыз емес. Мұңаюдың да бір себебі бар. Ал бақытты болу үшін үнемі күліп жүру жеткілікті ме? Жеткіліксіз...

Британдық психологтар жақында ерекше тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, «үнемі күліп жүру – бақытты болуға көмектеспейді» деген тұжырым жасады. Сіз мұнымен келісесіз бе? Ал психологтардың айтуы бойынша, күлу - адамның ішкі жан-дүниесіне жамау бола алмайды екен.

Психологтар ерекше тәжірибе барысында 2000-нан астам адамнан сауалнама алып, күлу ішкі түйсігіне қаншалықты әсер ететінін бақылаған. Нәтижесінде күлкі адамға ылғи көтеріңкі көңіл-күй сыйлай бермейді екен.

Бұл арада 2011 жылы Мичиган университетінің психологтары жүргізген зерттеу шындыққа жанасымды келетіндей. Олар өтірік күліп жүруге мәжбүрлі қызметкерлердің көңіл-күйлері тез түскіш және жұмыс қабілеттілігі төмен болатынын анықтаған. Ал жағымды ойлардан күліп жүретін адамдар, өздерін бақыттырақ сезінеді және жұмыста жақсы нәтиже көрсетеді екен.

О. Сансызбай