Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?

Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?

Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?

Айналамызда жақсы қыз-жігіт көп. Зер салсаңыз, көпшілігі теңін таппаған. Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз деген сұраққа жартысынан көбі «Жақсы жігіт кезікпеді» деген жауап қатады. Тағдыры солай болса, оларға әңгіме жоқ. «Әр жынды өз жындысын табар». Ал бірнеше жылдан бері көңіл жарастырып жүрген жұп неке қию қадамына баса алмай жүруіне не деуге болады?

Бұл сұраққа қыздар айтар жауаптарды талқылап көрейік.

«Әлі дайын емеспін». Адам неше жасқа келсе де жүрек есеймейді, көңіл қартаймайды. Өзін әрдайым кішкентай, жас сезінетін қыз тулаған албырт сезіммен тұрмысқа шығып кетпесе, «дайын» болар сәтін күтіп жүргенде, жауабы «қаламаймын» деп өзгеріп кетуі ғажап емес.

«Оқуым бар». Оқып жүріп те тұрмыс құрып, бірнеше баланы өмірге әкелгендер көп. Тіпті өз анаңыз да сізді не аға-әпкеңізді оқып жүргенде дүниеге әкелген болар. Емтихан кездерінде сәбилі студенттерге біраз жеңілдік жасаларын да көз көріп жүр.

«Алдымда шаңырақ құрмаған ағам-әпкем бар». Кетемін деген қызды ешкім ұстамайды. Ақылы бар аға, есі бар әпке орайы келсе өзінен кейінгіге жолын береді. Оларды күтіп жүргенде қартайып қалмасыңызға кім кепіл?

«Жұмыс істеп, ата-анама қаржылай көмектесуім керек». Әке-шеше қыз баланы бізді бақсын, асырасын деп өсірмейді. «Қыз мұраты – кету» деген ұлы сөздің астарында ұрпақ жалғастыру дейтін маңызды миссия жатқанын естен шығармаңыз. Қыз туған үйіне еш қарыздар емес. Керісінше, барар үйінің жапырағын жайып, өркенін өрбітуге міндетті. Мансаптық жолыңызды емес, келіндік өтіліңізді (стаж) көбейте беріңіз.

Ата-ана үшін жиырма сегіз жасқа келсеңіз де, көздерінде баяғы бала бейнеңіз қалады. Оларға жолыңызды күтіп не мансап қуып, ақша тапқанға қарағанда, өз теңіңізді тауып, уақытында абыроймен қосылғаныңыз маңызды.

Жалғасы бар...

3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Турар Тусебаев
Қосылған күні: 04 қазан 2016, 12:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.