- Негізгі бет
- Психология
- Сіз қандайсыз? Психологиялық...
Сіз қандайсыз? Психологиялық тест (жалғасы)
Суретте көрсетілген түрлерден жаныңызға жақын, көзіңізге жылы ұшыраған бейнені таңдаңыз. Сурет нөміріне сәйкес мәтінді оқып, өзіңізді таныңыз.
6. Жайдары да жағымды жансыз. Сіз секілді өмірге құштар, жарқын жанға қызықпау мүмкін емес. Айналаңызды қоршаған әлемді аса ынтызарлықпен бақылайсыз. Достарыңыздан еш алшақтамайсыз. Сырғыған секундтарды қуаныш пен шаттыққа толтыруды қалайсыз, мұңаятын сәтіңіз сирек. Әзілдің түбін түсіресіз, сіз сөйлесеңіз, барлығы күле береді. Жай ғана өмір сүруден ләззат алатын жандарға жақын жүресіз.
7. Қуаты мол және табысты жансыз. Сырт көзге бейберекет адам боп көрінуіңіз мүмкін, бұл сіздің алаңғасарлығыңыздың көрінісі. Ауада бірнеше шармен көз алдай аласыз, себебі көпқырлы режимде қалай жұмыс істеуді жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын, оған жететін жігеріңіз жанып тұр. Арманыңыздан бір қадам ажырамайсыз, адым басқан сайын алдыңыздан тек сәттілік күтеді. Мол жауапкершілікті сезіне отырып шешім қабылдайсыз.
8. Әділ де кеңпейіл. Адамдар жанында сіз жұрмесеңіз, босаңсып кетеді. Табиғатыңыздан аяқта тік тұруға бейімсіз. Әрдайым турашылдық ұстанасыз, әр тұлға бойындағы артықшылығын айрықша бағалайсыз. Барлығын әрдайым ризасыз, өмірді сүйесіз. Үнемі күлімдеп жүресіз. Жолдастарыңыз аузыңызды ашқанда жүрегіңіз көрініп тұрар қасиетіңізді құрметтейді.
9. Мейірімдісіз, балығын айтқызбай-ақ ұғасыз. Өмірге көзқарасыңыз кең. Кез келген кісінің жанын түсінесіз, өте кешірімдісіз. Тыныш та бырқалыпты тіршілікті жаныңыз қалайды. Әлемде және миыңызда орын алатын шуды жақтырмайсыз. Миыңызды тынықтыруға уақытыңыз артылса, сізден бақытты жан болмайды.
@. @assel_assanova