Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ересек кезде түйген ой

Ересек кезде түйген ой

Ересек кезде түйген ой

Психолог Дон Глускин отыз жеті жасқа толған кезінде өмірден не түйгенін есіне алды. "Бүгін мен отыз жеті жасқа жеттім. Айта кететіні, бұл жылдар қызықты жайттарға толы болды. Артыма зер салып қарасам, көптеген қиындықтарды жеңіп, қазіргі қалпыма жеткенімді көремін. Ана атану мен үшін бұл өмірде ең маңызды нәрсе екенін түсіндім. Күн өткен сайын өзіңізді тану және оны басқалар да орындауына көмектесу. Мен 37 жылдан алған сабақтарымның тізімін жасау туралы шешім қабылдадым. Сіздер үшін кәдеге жарар деп үміттенемін.

Жетістіктеріңізді еске түсіріп отырыңыз. Мейлі, кішкене жеңіс болса да, атап өтуге тырысыңыз.

Өмірге ең бастысы махаббат, күлкі, жарық керек.

Көп берсең, екі есе етіп аласың. Даналығыңызбен, махаббатыңызбен, дарыныңызбен бөлісіңіз. Бөліскеніңіз алдыңыздан шыққанын сонда байқайсыз.

Бәрімізде керемет түйсік қалыптасқан. Үнсіздік кезінде ішкі дауысыңыз ақыл-кеңес береді. Жүрегіңіздің қалауын тыңдаңыз. Жүрек қана асылды бағалай алады.

Айналаңызды өзіңізді сүйетін және қолдайтын жандарға толтырыңыз. Өзіңіз де оларды қолдап, жақсы көріңіз. Өмір жек көру сезіміне орын тым қысқа.

Әр адам өмірімізге бір мақсат болып келеді. Ол адамнан алған сабақтарды түйіндеу өз шешіміңізге байланысты. Өміріңізде алатын орыны болмаса, соған қарай сынақ та жеңілдей түседі.

Жақындарыңызға әр уақыт жақсы көретініңізді білдіріп отыру мүмкін емес. Сөзбен емес іспен көрсеткен жөн. Уақытыңыз, махаббатыңыз — жақындарыңыз үшін үлкен сыйлық.

Бақыт адамның ішінде. Біз көп уақытымызды жақсылық іздеу арқылы жойып аламыз. Әрқашан да іздегеніміз табыла бермейді. Өзіңіздің жан-дүниеңізге үңіліңіз.

Өмір атты жүйткіген жүйрік пойызда белді бекем буып, саяхатты қызықты өткізген жөн.

Перфекционизм — бұл қиял. Өзіңізді бос ұстаңыз. Биікке ұмыла отырып, өзіңізге қателік жіберуге де, бақытты болуға да мүмкіндік беріңіз.

Кейде достықты үзіп жатамыз. Бұл біздің немесе досымыздың жаман болғанынан емес. Жолдарымыз ерекше болғандықтан орын алған қалыпты жағдай. Егер қатты кететін кездер болса, ақылыңызбен саралап, межелі жерге нүкте қойыңыз.

Ренжіген жандар өзгелерді ренжітеді. Сонысына қарамай-ақ оларды жақсы көріңіз.  Дегенмен, ешкім қашықтықта оларды жақсы көруге тыйым салмайды.

Тіршілік етіп жүргеніңізге тәубе етіңіз. Айналаңыздағы кереметтерге көз салып, ғажайыпты байқаңыз.

Қабылдауыңызды өзгерту — оған қоса өміріңіз де күрт өзгереді. Қорқыныш,  ашу,  реніш сезімдері туса жағдайға басқаша көзқараспен қараңыз.

Қорқыныш — өмірде нені қалайтынымыздың айғағы. Оны компасыңыз ретінде қолданып, қандай да болсын жағдайдың кейіпкері болыңыз.

Жалғасы бар

 

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Нурбек Жантлеу
Қосылған күні: 24 маусым 2016, 09:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.