Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жалғыздықтан қорқасыз ба? (Тест)

Жалғыздықтан қорқасыз ба? (Тест)

Жалғыздықтан қорқасыз ба? (Тест)

Жалғыздық адамға қалай әсер етеді? Кей адамдар бұл сәтте айналада болып жатқан жайттардан безіп, өзгелермен қарым-қатынасын үзеді. Ал енді бірі осы уақыт аралығында күш жинап, басқа адамға айналады. Ал сізге жалғыздық әсерін тигізе ме? Мұны тексеру үшін мына сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап берсеңіз болғаны.

1. Күш-жігеріңізді тартып алады. 
2. Шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. 
3. Адамдармен қарым-қатынасты түзейді. 
4. Бұзылмас қамалдар орнатады. 
5. Әлемге сән бере түседі. 
6. Тығылып, қашуға мәжбүрлейді. 
7. Адамдармен кездесуге итермелейлейді. 
8. Күш береді. 
9. Кедергі келтіреді. 
10. Өмірдің мәнін қашырады. 
11. Жегідей жейді. 
12. Жалғыздықта ойымды жинап аламын. 
13. Мұңға батып кетемін. 
14. Сабырлы боламын. 
15. Келешектің қақпасын жауып тастайды. 
16. Езіп тастайды. 
17. Болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді. 
18. Күш бере түседі.

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Иә

-1

1

1

-1

1

-1

1

1

-1

-1

-1

1

-1

1

-1

-1

1

1

Жоқ

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

6 мен 10 ұпай аралығында жинасаңыз.

Жалғыздық құрсауында қала тұра, күш жинап, қуанышқа кенелу – көптің қолынан келе бермейтін ерлік. Бір жағынан, өзіңізді алдап жүрмегеніңізге мән беріңіз. Өз көңіліңізді түсіргіңіз келмей, үнемі әдемі әрі қайталанбас күлкі жасап жүрген боларсыз. Мүмкін, шынымен де, жалғыздық сізді көп дүниеден құтқаратын шығар.

0 мен 5 ұпайдың аралығында жинасаңыз.

Жалғыздықты пайдаға асыра аласыз. Сонымен қатар, жалғыз екенмін деп, артық қадамға бармаңыз. Жалғыздық пен қарым-қатынас дем алу мен дем шығару секілді. Дем алған соң, демді шығару керек қой, сол секілді жалғыздықта біраз жүрген соң, одан шыға білу керек, адамдармен байланыста болу керек.

Егер -5 пен 0 ұпай аралығында жинасаңыз.

Жалғыздық сізді өз қоршауына алып, біразға дейін ұстап тұрады екен. Соған қарағанда, сіз жалғыздықтың жақсы жақтарын көре бермейсіз. Мүмкін, сіз жалғыздықта біраз тірлік бітіруге болатынынан бейхабар шығарсыз. Олай болса, енді жадыңызда жүретін болады.

Егер -6 ұпайдан аз жинасаңыз.

Мен – жалғыздықтың тұтқынымын дегеннен аулақ болыңыз. Сіз жалғыз емессіз. Айналада қаумалаған адамдарды ұната бермейсіз, олардың пікірі сізді қызықтырмайды немесе өзіңіз секілді адамды іздеп жүрсіз. Еш адаммен қарым-қатынасты үзбеңіз. 

Фото: amur.kz
Қосылған күні: 10 маусым 2016, 16:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->