- Негізгі бет
- Психология
- Ерін далабы арқылы...
Ерін далабы арқылы өзіңізді таныңыз
Ерін далабы арқылы өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? Олай болса, дәл қазір қолданып жүрген ерін далабыңыздың формасына қараңыз. Төменде көрсетілген ерін далабының түрлеріне өзіңіздің далабыңызды сәйкестендіріп, таңдаңыз.
1. Конус тәрізді
Сізді бәрі жақсы көреді, айналадағы достарыңыз сіз туралы бәрін біледі. Көңіл-күйіңіз құбылмалы, сіздің ақ дегеніңіз – ақ, қара дегеніңіз – қара. Яғни, өзгелерге өз пікіріңізді дәлелдей аласыз. Оған қоса, қоршаған ортаңыздағы мұңайған көздерді тез байқайсыз, оған көмек беруге асығасыз. Себебі, көмекке зәру жанға жәрдем беру – сіздің міндетіңіз секілді. Ал әлемге қуаныш сыйлау – сіздің мақсатыңыз.
2. Көлденең әрі тегіс
Мұндай ерін далабын қолданатын арулар қандай болады? Мұндай адамдар ұжымда ұшқыр ойлап, ортасына көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алады. Өмірге оптимистік көзқараспен қарайды, барлық мәселеде тез әрі оңай шешім табады. Адамдармен тез араласады, бірбеткей сатушы, сөзінен таймайтын саудагердің де тілін табады. Бір сөзбен айтқанда, пысық адам.
3. Дөңгелек пішінді
Сіз – отбасыңыздың қамқоршысысыз. Жанұяңыз үшін барыңызды бересіз. Үй тазалығы, дәмді ас, балалардың күлкісі, жылулық – бәрі сізден тарайды. Сіз шығармашылықтың адамысыз, жан-жақтысыз, кітап оқисыз, қолөнерге деген қызығушылығыңыз бар, көрме не концерттерге барып тұрасыз, бастысы, осының бәрін отбасыңызбен бірге жасайсыз. Күш, жігер, махаббат, адалдық, аяулы Ана деген сөздер сізді суреттейді.
4. «Ешкім тиіспеген»
Егер сіздің ерін далабыңыз сатып алған кездегі қалыбында тұрса, бұл нені білдіреді? Бұл сіздің тура жолмен жүретіндігіңізді көрсетеді. Яғни, бір ізбен жүріп, бір ізбен қайтасыз, жол ережесін бұзбайсыз, заңға қайшы әрекет жасамайсыз. Перфекционистік қабілет те бар. Асүйдегі тәрелкелерді үлкеннен кішкентайға қарай деген заңдылықпен орналастырасыз. Киімдер де ретімен орналысып тұрады.
5. Үшкір
Сіз ақылды әрі тартымдысыз. Тартымдылығыңыз көпті таңғалдырады. Сіздің өміріңіз. Белгілі бір жоспармен өтеді. Мансап пен қаржы сіз үшін алдыңғы қатарда тұрады, яғни, өте маңызды. Жақындарыңызбен ашық сөйлесесіз, бір уақытта көңіл де көтере аласыз, бір уақытта салмақты да бола аласыз. Сізді сан соқтыру мүмкін емес, себебі, болатын жайттың бәрін алдын ала болжап отырасыз.
6. Асимметриялық
Сіз өзіңізді үнемі қорғап жүргіңіз келеді, себебі келеңсіз жағдайларды басыңыздан көп өткізесіз. Ұялы телефоныңыз жиі өшіп қалады, компьютеріңіз істен шығады, көлігіңіз қызбай қалады – бұлардың бәрі бір уақытта болып жатса, таңғалмайсыз. Бұл кедергілер сізге тосқауыл бола алмайды, себебі, ұшқыр ойыңыз барлық кедергіден алып шығады. Демек, қиялыңызда шек жоқ. Осы қасиетіңізбен көптен ерекшелене аласыз.
7. Үшкір әрі көлбеу далап
Сіз өзгелерді жаныңызға жинай аласыз, неге десеңіз, сіздің дарындылығыңыз көпке үлгі. Үнемі назарда жүресіз, сіз ештеңе жасамай, үнсіз отырсаңыз да – біреуге үлгісіз. Сол үшін барлық адам сізге қолдау көрсеткісі келеді. Ойлаған мақсатыңызға тез жетесіз, себебі мақсатқа жетпей тынбайсыз.
Г. Берік