Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сыртқы сұлулық па, жан-дүние сұлулығы ма?

Сыртқы сұлулық па, жан-дүние сұлулығы ма?

Сыртқы сұлулық па, жан-дүние сұлулығы ма?

Жиырма бірінші ғасырда қыздың сыртқы сұлулығына мән беріліп, жан-дүние сұлулығы екінші орынға ысырылып қалды. Сондықтан қыздар сұлу болып көріну үшін денедегі кем-кетіктерін жасырам деп түрлі құрбандықтарға барады. Пластикалық операция салонға кіріп-шыққандай үйреншікті нәрсеге айналып кетті. Бұрын қыздар мүсіні мен жүзін ретке келтіру үшін косметика мен физикалық жаттығулармен шектелетін. Ал қазір 16 жастан асқаннан кейін көбі операция үстеліне жүгіреді. Пластикалық операцияның осынша танымал болуына әлемдік мега жұлдыздардың пластикалық операция көмегімен ажарына сән, көркіне сұлулық үстеп жатқандары да себеп болса керек. 

Пластикалық операция жоқ заманда да қыздар әлемдегі ең сұлу жаратылыс болды. Қаншама шайырлар арудың сұлулығын жырға қосып, қаншама сазгерлер әсемдікке тамсанып, тебіренді. Қаншама суретші әйел сұлулығын суретке салу үшін түнімен дөңбекшіп шықты! Әйел сұлу болмаса, Леонардо да Винчидің атақты "Мона Лизасы" дүниеге келмес еді, Жаһан шах жарына арнап көкпен тілдескен "Тәж Махал" кесенесін тұрғызбас еді... Бұл құндылықтар әлі де ерекше бағалы. Өйткені, олар ең алдымен әйелдің жан сұлулығын көрсетуге тырысты.

Көптеген психологтардың пікірінше, "Кез келген әйел әдемі киім мен бояусыз-ақ сұлу. Өйткені олардың жаратылысы сондай".

Біз "Сыртқы сұлулық мәңгі тұрмайды, ішкі сұлулық маңызды" деп ойлағанымызбен, жігіттер бәрібір қызым ай қабақ, алтын кірпікті сұлу болса екен деп армандайды. Бұл рас нәрсе! Стюардесса болу үшін сұңғақ бойың болу керек. Модельдер туралы ләм демей-ақ қояйық... Зерттеудің қорытындысы көрікті адамның жұмысқа тұруы да тез деген пікірді айтады.

Яки, жігіттер ғана емес, заманның өзі сыртқы сұлулыққа басымдық беріп отыр. Қазақ жігіттерінің көбі "Қандай қыздар ұнайды?" деген сұраққа: "Шашы ұзын қыздар" деп автоматты түрде жауап беретінін ескерсек, "сұлулық" ұғымы қазақ түсінігіндегі "шашы ұзын, ақылы қысқа" әйелдің сыртқы келбетімен өлшенеді деген пікірге келісуге болады. 

Сіз үшін қайсысы маңызды?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: favim.ru, xozyaika.com

12961 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 тамыз 2012, 19:06
Пікірлер
+0
23 тамыз 2012, 20:46

жаны сұлу адамды таныған сайын оның келбеті де сондай жылы, сұлу болып көріне түседі. ал бір адамды неткен әдемі деп мойындап алып, жанына үңіліп түріне де жиіркенішпен қарай бастайсың

+0
24 тамыз 2012, 00:47

ужс осы маған Мона Лиза мен Джаконда дым да әдемі емес!!!

+0
24 тамыз 2012, 01:08

Мона Лиза хас сулу емес,арине. Бiрак,оны корiктi кып турган мейiрiмдiлiгi мен жан тазалыгы сиякты. Жан сулулыкка не жетсiн,шiркiн! Жаны сулу адам,алем аруынын касында турсада,одан адемi корiнерi хак!

+0
24 тамыз 2012, 15:43

мен де солай ойлаймын

+0
24 тамыз 2012, 01:08

мағанда))

+0
13 тамыз 2014, 16:20

иә, шынымен де көбіміз бірінші сыртқы сұлулыққы қараймыз, ал кейін келе ішкі-жан-дүниесіне көңіл бөлеміз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...