Сіз қай ағашты ұнатасыз? (Тест)

Сіз қай ағашты ұнатасыз? (Тест)
Фото: www.les-komdok.ru

Әр адам дүниеге келген сәтінен бастап табиғатпен байланысы болатынын білмеуі мүмкін. Алайда ғылым бұл жайды дәлелдеп берді. Жан тыныштығын сезініп, бойдағы жаман қасиеттен құтылғыңыз келсе, жүрекке қуаныш сыйлайтын сүйікті ағашыңызды ойлап жүргейсіз. Психологиялық жағынан алғанда жанның тыныштығы да әсем табиғатпен байланысты. Бойыңыздағы қасиеттер сіз ұнататын ағашқа ұқсауы, тіпті энергиялық байланыста болуы мүмкін. Онда мынаған мұқият зер салып көріңіз.

Емен ағашы. Ол өте биік. Бұл ағашты ұнататын адамдардың көбі өзіне сенімді, айтқан  сөзінде тұратын жан болып келеді. Бірақ көп адамдарға сене бермейді. Қызғаншақтық қасиеті де бар. Өз дегенін жасатпай қоймайды, кейде содан жапа шегетін жағдайлары өте көп. Шыдамдылығына таңғалатын адамдар да өте көп. Олар өзінің негативті көңіл-күйін жасырғыш. Бір ашуланса, қайтуы өте қиын.

Шырша ағашы. Бұл ағашты ұнататын адамдар тумысынан өте қызық жандар болып келеді. Зерек ойлау қасиеті де, қабылдауы да ешкімге ұқсамайды. Әрдайым көңілді жүруге тырысады. Бойында ашу басым. Кек сақтаймын деп жүріп, өзі де жапа шегетіні бар. Керісінше сіз оларға жылы жүзбен қарасаңыз, өздері-ақ  сізден кешірім сұрайды. Шаршаған уақытыңызда осы ағаштың аясына келіп демалсаңыз, сіздің бойыңыздағы негативті қасиетіңізді энергия арқылы осы ағашқа бере аласыз.

Қайың ағашы. Бұл ағашты ұнататын адамдар өте уайымшыл, өзгеге де өзіне де сенімсіз. Кейде сенем деп айтып алып өзі жапа шегеді. Жаны жиі жараланатын сәттер де өте көп. Тек қана жүрегіңізді тыңдаңыз. Көңіл-күйіңіз түссе, қайың ағашының жанына келіп отырсаңыз, негативті энергияңыздан арыла аласыз. Қайың ағашы жүрегіңіздің қосалқы энергиясы екенін ұмытпаңыз.

Қарағаш. Бұл ағаш өзінше бір өзінің төзімділігімен көзге түседі. Бұл ағашты ұнататын адамдар да төзімді, әрдайым көңілді жүруге тырысатын жандар. Олардың жан-дүниесі таза. Адал ас пен адал ақша олар үшін өте маңызды. Өз ісіне көңілі толмаса, өзін көп қинайды. Жан дүниесі тынышталғанша, тыным таппайды. Көп еңбек етеді және әділетті жаны сүйеді. Мәдениеттен де құр алақан емес. Жан дүниесі ауырған кезде адамдармен сыр бөліскенді ұнатады, кейде бекер айтқан екенмін деп өкінетін сәттері де бар. Адамдармен тез қарым-қатынасқа түседі, жанындағы адамдарға жылулық сыйлай біледі. 

Қарағай ағашы. Жұпар аңқыған иісімен адамның жан дүниесін баурап алатын ерекше қасиетімен көзге түседі. Бұл ағашты ұнататындар жоғары талғамды талап ететін жандар. Олардың білімімен ешкім де таласа алмайды. Есте сақтау қабілеті өте жақсы, зейін қойып тыңдай алады. Көп адамдардың арасында  ерекше көзге  түседі. Өзіне күтім жасайды, денсаулығына, киіну стиліне де жоғары жауапкершілікпен қарайды. Тосыннан сыйлық жасауды ұнатады. Сол арқылы одан өзінше бір рахат сезімге бөленеді. Оларға шулы орта ұнамауы да мүмкін. Кей кездері өзіне көңілі толмайды, бірақ барынша көңілді жүруге тырысады.

Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова