Жазу мен мінез байланысы

Жазу мен  мінез байланысы
Фото: e-history.kz

Суретте: Қадір Мырза Әли қолтаңбасы

Графология - жазуға қарап адамды сипаттайтын ғылым саласы, ал оның маманын грфолог деп атайды. Кейінгі жылдары графологтар әйел мен ер адамның қолтаңбасын жиі шатастыратын болып жүр. Өйткені әйелге тән мінезді болып келетін ерлер көп. Бейкәсіби мамандардың арасында әдемі, дұрыс жазылған жазу адамның ішкі жан дүниесінің тазалығын көрсетеді деген адасушылық басым. Керісінше, түсініксіз жазу - көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, табанды, интеллектуалды жетілген адамдарға тән көрінеді. Әріптерді ерекше сәндеп жазатындар құлықсыз, түсінік танымы төмен адамдарға тән. 

Графологтардың айтуынша, егер әріп қателерін үнемі қайталап отырса, ол адамның ұқыпсыз, сөйлемнің аяғында ірі әріптермен бітірсе, сенгіш, ал егер кіші әріптермен аяқтаса, онда қулығы мен аса байқампаздығын білдіреді екен. Басқы әріптердің оралып ерекше кейіпте жазылуы өзіне көңіл аударуды қалайтындарға тән. Толқынды әріптер қияли адамдарға, сызыққа тақап жазу талапшылдарға тән. Домалақ жазу өзін тұлға ретінде санайтындарға, өткен өкініштеріне қайырымсыз қарайтындарға, өзіне сенгіш, адалдық сүйгіш, қуатты адамдарға тән. Ұсақ жазу ұстамдылық, есепке бейімдерге тән. Сөздердің арасын қысып жазатындар ұқыптылық пен алдағыны көре білу қасиетіне ие. Біркелкі емес жазу тез ашуланғыштарға тән. Әріптер түсінікті болса, онда ол иесінің көзқарасының тұрақты, айналасындағыларға құрметпен қарайтынын білдіреді. Анық та нық жазу іскер жандарға тән. Сөйлемдердің арасы алшақ болса, онда мінезі тұрақсыз болғаны. Арасына абзац қалдырмай қысып жазу секемшілдерге тән. 

Сөздердің өлшеміне қарай анықтайық: 

1. Майда почерк. Олар – ұялшақ, қамқор, сабырлы жүретін, өзін қоршаған ортада жақсы ұстайтын адамдар.

2. Орташа өлшемді почерк. Мұндай адамдар өте сезімтал келеді.

3. Үлкен өлшемді почерк. Олар оптемист және қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болады.

4. Өте үлкен өлшемді почерк. Мұндай адамдар өздеріне сенбейді және өзгелерді өзіне қаратады. Олардың көз жанары әлсіз келеді. Керек кеңес 

Қолтаңбаға қарап көрейік: 
1. Қолтаңбаның үлкендігі 
А) кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді;
Ә) шағын – деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды. 
2. Қолтаңбасының ұзақтығы 
А) барынша созылыңқы – мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді; 
Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді. 
3. Қолтаңбасының түрі 
А) дөңгелек – жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты; 
Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір – шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық. 
4. Әріптерінің ара-қашықтығы 
А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, ысырапшыл, бірақ қолда барын өзгеден аямайды; 
Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса).
5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер 
А) дөңгелек – идеялар мен шешілмеген мәселелердің аясында қалып қою; 
Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық; 
Б) суреттер – шығармашылық қабілет. 
6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы 
А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам; 
Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы; 
Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық; 
В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық; 
Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді. 
7. Қолтаңбаның бағыты 
А) жоғары – оптимизм; 
Ә) төмен – пессимизм; 
Б) біркелкі – тұрақты мінез. 
8. Соңғы таңбаның ұзақтығы 
А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар. 
9. Қолтаңбаның астын сызу 
А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік; 
Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю. 
Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық. 
10. Симметрия 
А) симметриялы – адалдық; 
Б) симметрияға мән бермеу – тұрақсыздық, 
11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы 
А) қарапайым – бұл адам «менде қиыншылықтар жоқ» ұстанымымен өмір сүреді; 
Ә) күрделі – түймедейді түйедей етуге құмар жандар; 
Б) ерекше – шығармашылық белсенділігі зор. 
12. Түсініктілігі 
Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді. 
13. Қаламды ұстауы 
А) тым қатты ұстап жазатындар – ашуланшақ; 
Ә) солғын – құпиялылық; 
Б) қатты батырып жазу – өзіне деген сенімділік. 

Қолтаңбаның жазылуына көңіл аударсақ: 
1. Жоғары қарай көтерілген қолтаңба адамның ширақ, оптимист, қозғалғыш екенін көрсетеді 
2. Тігінен жазылған қолтаңба адамның тұрақты, салмақты екенін көрсетеді 
3. Төмен қарай түсірілген ол адамның пессимист екенін, сенімсіздігі басым, өмірге және жұмысына қанағаттанбайтындығын білдіреді. 
4. Ірі әрі жайлып қойылған қолтаңба адамның өзімшілдігі басым , күнделікті қарапайым өмірмен көп келіспейтіндігін көрсетеді. 
5. Фамилиясының бастапқы әрпімен басталатын қолтаңба қарапайымдылықты көрсетеді. 
6. Қолтаңбаның басында адамның атының бастапқы әрпі, содан кейін фамилиясы тұрса, онда іскер, жауапкершілігі мол, ойшыл деп түсініңіздер. 
7. Алдыңғы әрпі түсініксіз болса, онда ол адамның тұйық, сенімсіздігі көп, досты таңдай білетіні көрінеді. 
8. Егер де қолтаңбада біркелкі штрихталған әріптердің қайталануы көп болса, онда сіз өте белсендісіз, әртүрлі қызметтен өзіңізге керегін дұрыс таба аласыз. 
9. Қолтаңбада қосымша элементтер болса (штрихтер, ілмектер, өрнектер), онда сіздің тапқырлығыңыз басым. 
10. Қолтаңбаңыздағы бастапқы әрпіңіз не қолтаңбаңыздың түгел әрпі қисынсыз әрі өте көп әшекейленсе, онда сізде эгоизм, өзімшілдік басым болғаны. 
11. Ешқандай көркемдеусіз қойылған қолтаңба – адамның тәрбие көрген , мәдениетті екенін білдіреді. 
12 Қолтаңбаңыз тіке келіп соңында төменге қарай ширатылса, онда сіз белсенді, тәуекелге баратын, батыл, қарамаңыздағы адамдарға қатал болғаныңыз. 
13. Қолтаңбаңыздағы соңғы сызығы бастапқы әріпке қайта қосылса, ол қолтаңба иесінің эгоист, ешкімге сенбейтін, тұйық адам екенін білдіреді.

surak.szh.kz

@. @assel_assanova