- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдердің ақымақтықтары...
Әйелдердің ақымақтықтары
Әйел заты табиғатынан өте сенгіш, сезімтал болып келеді. Жігіттердің жылы сөздеріне сеніп, ұзақ жылдар үміт арқалап жүре беруі мүмкін. Содан кейін өкініп, жас құшып жататындары қаншама...
- Әйелдер кез келген флиртті жақын қабылдайды. Жігіттер бірінші кездесуде телефон нөмірін сұраса да, көп жағдайда екінші рет хабарласпайды. Сондықтан ұнаған адаммен жақынырақ танысып, сөйлесу керек.
- Әйел баласы ер адамға жанын салып, өзі жайлы ұмытып кетеді. Еркектерде көбінесе бірінші орында жұмысы мен мансабы тұрады, ал әйелдерде - сезім. Еркектерден үйрену керек!
- Махаббат пен құштарлықты шатастырмаңыз. Сізді сол адамға тартып тұрса да, адам сізді жанымен, басқа да адами қасиеттерімен қызықтыруы тиіс.
- Қыздар жалғыз қалудан қорқып, серігімен жауыр болған қарым-қатынасты бұзудан қашқақтайды. Алайда бақытсыз махаббат пен өз-өзін алдау жалғыздықтан әлдеқайда ауыр.
- Ресми түрде некелессек бітті, бақытты боламыз деп ойладыңыз ба? Алайда уақыт өте келе махаббат пен құштарлық жай әдетке айналып кетеді. Бір-біріңізді айыптаудың орнына ортақ мәмілеге келуге тырысып, сөйлесіп тұрыңыздар.
- Екіқабат болсам болды, ол сізге үйленеді деп ойлайсыз ба? Ескертіп қояйық, мұндай трюк әрбіріне өте бермейді. Өткен жағдайда да отбасылық тұрақтылықты сақтап қалу екіталай, өйткені мықты қарым-қатынастың негізінде сенім жатыр.
- Әйелдер баланың әкесі болмағаннан, әйтеуір «біреу» болғаны артық деп санайтындар бар. Бұл үлкен қателік. Үйдегі ауыр атмосфера балаға жаман әсер етеді. Одан да анасымен тыныш өскені жақсы.
- Серігіңіздің жаман қылықтарына көз жұма қарайсыз. Ол ішіп, сізге дөрекі сөйлей ме? Оны аяп, жанында жүрдің еш қажеті жоқ, өйткені бұлай сіз өзіңізге ғана емес, серігіңізге де зиян тигізесіз.
- Үйде айқай-шу шықпасын деп ер адамның бар қылығын кешіресіз бе? Алайда болашақта бұл сізді күйзеліске әкелуі мүмкін. Егер ер адамның мәмілеге келуге ынтасы болмаса – ол жай ғана сізді пайдаланып жүр.
Сурет: alimero.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina