Есеппен емес, сезіммен отау құрғыңыз келсе

Есеппен емес, сезіммен отау құрғыңыз келсе
Фото: Макс Коваленко

Қазіргі заманда ер адамның тұрақты жұмысы, баспанасы, астында көлігі болуы міндетті деп есептейтін қыздар жетерлік. Тұрмыс құруға ұсыныс білдіргендер ішінен өмірлік жарды осы критерий бойынша таңдайтындар жиі кездеседі. Олардың көбі ересек қыздар.

Ессіз сезімнің жетегінде кетпей, ақылдың айтқанына да құлақ түріп қойған, әрине, дұрыс. Бірақ мұндай таңдаудың болашағы баянды болуы екіталай. «Жігітті ақылың кірмей тұрып, жасың жиырмаға жетпей тұрып сезіммен таңда» деп кеңес беретін көпті көрген апаларымыз бірдеңе біліп айтатын болар.

Қыз бен жігіт кездесіп жүрген кезінен-ақ бір-бірінің бар жағдайын жасайды:

– Ақшаны ортақ пайдаланып, жігіт қызының киімін, тамағын, бар қажетін сатып алып береді;

– Күн демей, түн демей баратын жеріне көлікпен жеткізіп тастайды;

– Қыз жігіттің тамағын әзірлеп, киімін жуып, үтіктеп дайындайды;

– Сабағын, жұмысын орындап береді.

Бір-біріне қамқорлық танытқаны құптарлық іс, бірақ, мөлшерді біліп, шектен шықпау қажет.

Нәтижесі

Адам тым өбектей бергеннен де жалығады.

Шаңырақ көтергенде де, қыз-жігіт боп жүргенде де осы ғой деп жігіттер жағы некелік өмірге асықпай жүріп алуы ықтимал.

Өзін өмір бойы қарыздар сезінеді.

Осынша жақсылығын жауапсыз қалдырып кете алмаймын деп, сезімі суыса да бас тарта алмайды.

Ол болмаса жағдайымды кім жасайды, бабымды кім таба алады деп ойлап кетіп қала алмайды.

Осыдан мәжбүрлік туындайды. Сізге сезімі сөнген кісінің мәжбүрлікпен үйленгені қажет пе?

Не істеу керек?

Қиқарылық таныту. «Жоқ» деген жауап бар екенін де көрсету. «Бар болмыс-бітіміңізбен қабылдай ала ма?», «Мінезіңіздің барлығына төтеп бере біле ме?», «Бәрі кеш болғанда бармақ тістеп қалмай ма?» деген сұрақтарға оңтайлы жауап табу керек. Жоғарыда айтылғандай, мөлшерді білген жөн. Қолыңыздан келгенше көмектесіңіз, бірақ ықпалына толық түсіп кетпей, шекараны сақтаңыз.

@. @assel_assanova