- Негізгі бет
- Психология
- Тест: "Тез ашуланасыз...
Тест: "Тез ашуланасыз ба?"
Кейбір адам ашуын өзге біреуден алуға дайын тұрса, енді бірі керісінше сабырлы болады. Ал үшінші бір адамдар іштей қатты ашуланса да, сырттай жайдарлы болып көрінуге тырысады. Ал сіз ше? Тез ашуланасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз.
1. Бір жарыста жеңіске жеттіңіз. Қуанышыңызды қалай көрсетесіз?
а) Дастархан жайып, барлық танысымды шақырамын;
ә) Іштей масаттанып қаламын;
б) Алақайлап секіруге дейін барамын.
2. Сүйіктіңіз сабағы немесе жұмысына бола сізге назар аудармайды. Сіз оның бұл қылығын қалай қабылдайсыз?
а) Онымен ұрыса бастаймын;
ә) Оған үндемеймін, бірақ ренішімді көрсетемін;
б) Өзіме назар аудартуға тырысамын.
3. Көлік жууда көлігіңіздің сырты сырылып қалды. Мұндайда не істейсіз?
а) Ешнәрсе;
ә) Сыртын боятуға ақша талап етемін;
б) Сыртын өз ақшама боятамын.
4. Кішкентай кезіңізде үй тапсырмасын қалай орындайтын едіңіз?
а) Көбінесе аулада ойнап жүретінмін;
ә) Берген тапсырманы мұқият орындаймын;
б) Үй тапсырмасын орындап, орындамауым көңіл-күйіме байланысты.
5. Супермаркеттің кассасында бір адамның кезектен тыс өтіп бара жатқанын көрдіңіз. Не істейсіз?
а) Егер қолындағы заты аз болса, үндемеймін;
ә) Кезекке тұруы керектігін айтамын;
б) Басқа кассаға өтемін.
6. Серуендеп жүрген кезіңізде жаңбыр жауып кетті. Сіз не істейсіз?
а) Ары қарай серуендей беремін;
ә) Қалқаға тығыламын;
б) Үйге қайтып ораламын.
7. Қандай жануармен бірге тұра алатын едіңіз?
а) Мысықпен;
ә) Сенбернармен;
б) Тотықұспен.
Әр «а» жауабына – 1 ұпай, «ә» жауабына – 2 ұпай, «б» жауабына – 3 ұпай беріңіз.
Тест жауабы:
7-11 ұпай. Кейде болмашы дүниелерге бола ашуланатын кзедеріңіз болады. Артынша бұл әрекетіңізге бола ұяласыз. Кеңес: ашуланбас бұрын барлығын таразылап алыңыз.
12-16 ұпай. Ашуыңызға тисе, дауыс көтеруге дайынсыз. Алайда ситуацияны дұрыс бағалайсыз. Ашуландыратын адамдарға да ақырын сөйлеуге дайынсыз.
17-21 ұпай. Сізді ашуландыру қиын. Үнемі кешірім сұрап жүресіз. Біреу ренжітсе, үнсіз қаласыз. Ішіңіздегіні сыртқа шығармайсыз. Кеңес: кейде ашулануыңызға болады.
Қ. Бүйенбай