Стресс-тест

Стресс-тест
Фото: vyacheslav1964.35photo.ru

Сөйлемді төмендегі шкала көмегімен бағалаңыз.

ешқашан (1 ұпай); кейде, оқта-текте (2 ұпай); жиі (3 ұпай); әрқашан (4 ұпай)

1. Болмашы нәрсеге кейде ғана шамданамын.

2. Біреуді күткенде ғана қобалжимын.

3. Ұялған уақытымда қызарып кетемін.

4. Ашуланғанда біреуді абайсыз өкпелетіп алуым мүмкін.

5. Сынды көтере алмаймын, өзімді ұстай алмаймын.

6. Егерде автобуста біреу мені итерсе, мен тура сондай жауап қайтарамын немесе дөрекі жауап қатамын.

7. Бар бос уақытымда бір іспен ғана айналысамын.

8. Кездесуге әрқашан кешігіп немесе ерте келемін.

9. Тыңдау қабілетім төмен, міндетті түрде сөзге араласып отырамын.

8. Тәбеттің жоқтығынан қиналамын.

9. Себепсіз көп қобалжимын.

10. Таңертеңгі уақытта өзімді нашар сезінемін.

12. Өзімді нашар сезініп, аз ұйықтаймын, ұзақ уақыт ұйықгай алмаймын.

13. Жеткілікті ұйықтағанның өзінде өзімді жақсы сезінбеймін.

14. Үнемі бір нәрсе дұрыс емес шығар деп қобалжимын.

15. Мойнымда ауыртпалықтар көп.

16. Үстел басынды отырғанда, аяғыммен тербетіп, саусақтарыммен үстел үстін соғып отырамын.

17. Үстел үстінде отырғанда теңселе-тербеліп отырамын.

18. Жетістіктерім үшін әрдайым мақгау сөздерін күтемін.

19. Өзімді басқалардан әлдеқайда күштімін деп ойлаймын.

20. Тамақгану тәртібін (диета) сақтамаймын.

 

Бағалау шкаласы:

30 ұпай және одан төмен. Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз. Өміріңізде пайда болатын бар мәселелерді тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойламайтын, қанағат тұта алатын, әрқашан бәріне үлгеретін адамдардың қатарындасыз.

31-45 ұпай. Сіз өте белсенді адам болғандықтан, өміріңіз қызықты әрі стреске толы болып өтеді. Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стреске шалдығьіп отырасыз. Алайда бұл стрестің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.

46-60 упай. Сіз үшін бастысы – жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлдеқайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп, армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле алады ма, ойланып көріңіз.

61 ұпай және одан жоғары. Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде

жылдамдықты, бірде тежегішті басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сондай-ак сіздің болашағыңызға да кері әсер етуі мүмкін.

@. @assel_assanova