Арыстан жұлдызында туғандар қандай болады?

Арыстан жұлдызында туғандар қандай болады?
Фото: drobs.ru, Макс Галаев

Арыстан — аң патшасы. Өзгелер оның сөзін, пікірін тыңдап, соңынан ереді. Арыстандар мақтау, қошемет сөз естігенді жақсы көреді. Сол арқылы өзіне күш-қуат жинайды.

Олар өз қызметіне адал болады. Еңбекпен тапқан ақшасына әдемі, қымбат нәрселерді сатып алғанды ұнатады. Өзгелердің қызыға, тамсана қарағанын қалайды. Өзінен төмен, осал адамдарға мейірімін аямайды.

Ер — арыстан

Бұл ерлер данққұмар, қайсар мінезді болады. Оларды бағындыруға да болады, алайда бұл үшін арнайы «стратегия» қажет. Олар жұртқа кеңес беріп, дұрыс бағытқа жол сілтеуді жақсы көреді.

Әйел — арыстан

Ол — табысты, сұлу әрі тартымды арулардың бірі. Өзіне жар таңдауда тектілігіне, мейірімділігіне назар аударады. Арыстан жұлдызында туған нәзік жандымен бәсекелесу қиынға соғады. Оған қателіктері жайлы айтпаған жөн. Өзін ренжіткен әрбір сөзді есінде сақтайды.

Мансап

Арыстандар әдетте жетекшілік қызметте жұмыс істейді. Ол дана, ақылды, талантты адамның бірі. Қиын мәселенің оңай шешімін таба алады. Өзіне бағынатын адамдардың міндетін дұрыс атқаруын талап етеді. «Жоқ», «жасай алмаймын», «қолымнан келмейді» деген жауапты естігісі де келмейді. Өзіңіздің қызметіңізді сақтап қалғыңыз келсе, жаңа жобалар мен идеялар ұсынуыңыз керек.

Махаббат

Арыстан жұлдызында туған жігітке аузын ашып қарап, үнемі мақтап жүретін ару керек. Ол сүйіктісіне не киіп, қайда бару керектігін айтып жүреді. Арыстандар тамаша әке болады. Балаларын мақтан тұтады. Оқуға, білім алуларына қаражат, уақыт аямайды.

Арыстан жұлдызында туған әйелдер де өзіне назар аударғанды жақсы көреді. Қымбат сыйлықтар, құрмет пен сыйластықты талап етеді. Бір сүйген жанды өмірінің соңына дейін жақсы көреді. Мейірімді, қамқор ана болады. Балаларының жанында болып, қымбат ойыншықтар, сыйлықтар алып бергенді дұрыс көреді.

Жұлдыздарға тән қасиеттерді өзгерту әркімнің қолынан келеді. Сол себепті өмірде, жұмыста бөгет ететін әдеттерден арылып, жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз.

Ф. Абилова