- Негізгі бет
- Психология
- Су негізділер қандай...
Су негізділер қандай болады?
Су — сезім мен интуицияның символы саналады. Су негізділерге шаян, сарышаян және балықтар жатады.
Бұл негізде туғандар эмоционалдығымен ерекшеленеді. Алайда олар сезімін жиі көрсетпегенмен, ішінде жинап, бір күні сыртқа шығарады.
Темперамент бойынша олар флегматик, меланхолик болып келеді. Әдетте су негізділер ой-өрісі кең шығармашыл жандар. Мистика, сиқыр мен көрегендікке қызығады.
Өз мақсатына бұралаң жолмен жетеді. Өмірлік мақсаттары тұрақсыз көрінгенмен, әр қызығушылығының орны, мәні бар. Олардың әрқайсысы өмірлік мұратқа жеткізуге көмектеседі.
Жеке өмірге келетін болсақ, су негізділер бірлік, татулық пен адал болуды басты бағдар етеді. Осыған сәйкес жанды тапса, өзін жайлы, бақытты сезінеді. Сенім қорқыныш, күдіктену, күмәндану секілді ауыр сезімдерден босатады. Олар үшін махаббат — ең пәк сезім. Егер біреу бақытынан айырғысы келсе, олар еш аяусыз оны қайтарып алуға тырысады.
Су негізділер — жұмсақ жандар. Біреуге өз басы үшін шешім қабылауға кедергі етпейді. Өзгелердің осал жерін таба алады, алайда біреудің сезімін аяйды. Сол себепті қатты ашулы болса да, ренжіткен адамының осал жерінен соқпайды.
Шаян — ең пысық, талапты, ынталы адам болса, сарышаян — ең қырсық жандардың бірі. Ұрыс-керістен қашпайды, агрессияға жауап қайтарып, өз ұстанымын қорғауға бейім. Балықтар — жұмбақ жандар. Ол жиі өз-өзімен қалып, ойлануды жақсы көреді.
Ф. Абилова