- Негізгі бет
- Психология
- Жер негізділер қандай...
Жер негізділер қандай болады?
Жер – мықтылық, тұрақтылықтың символы. Бұл негізде туғандар өзін еңбек арқылы танытады. Темперамент бойынша олар флегматик, меланхолик болып келеді. Жер негізділер деп торпақ, бикеш, тауешкілер саналады.
Мақсатқа жету жолында алғыр, талпынғыш болады. Алайда сырт көзге олар бейқам, енжар көрінеді. Шын мәнінде олар пысық, ақылды, әр қадамын абайлап басатын, өзіне не қажет екенін білетін жандар.
Олардың нақты жоспарлары болады. Егер олар жүзеге аспай жатса, дереу жағдайды қолға алып, бәрін қалыпқа келтіруге тырысады. Олар жайлылықты жақсы көреді. Алайда себебі бар ыңғайсыздық бен шектеуді көтере алады.
Жеке өмірде олар мықты, болашағы бар қарым-қатынас іздейді. Өзімен мақсаты бір адам туралы армандайды. Олар өте адал, жауапкершілігі мол адамдар.
Жер негізділер көп сөйлегенді ұнатпайды. Олар тек жақын таныстарының қасында ашылып сөйлей алады. Өзі жақсы көретін жандарға бауыр басып, жанынан алыстатпауға тырысады. Дегенмен олар өзгелердің тағдырын өзгертіп жіберуі мүмкін. Себебі, жақындарына өз білгенін істеп, шешім қабылдауға бөгет етуге бейім.
Торпақ – жайбасар, еріншек жан. Бикеш – кез келген жағдайға икемденіп кетеді. Өзгерістер мен жаңалықтарға тез үйренеді. Ал тауешкі – жер негізділерінің ішіндегі мақсатқа ең берік адамның бірі.
Ал сіздің жұлдызыңыз қандай?
Ф. Абилова