- Негізгі бет
- Психология
- Интуицияны дамытудың жолдары...
Интуицияны дамытудың жолдары
Кез келген адам интуициясын немесе ішкі дауысын дамыту керек екенін біледі. Ол бізді қиын шақта дұрыс жолға салып, шешім қабылдауға көмектеседі.
Оны дамытудың жолдары бар ма?
Қиялдаудан қорықпаңыз
Фантазия әрбір адам баласына тән қасиет. Бала кезіңізде сіз еркін қиялдай алатын болсаңыз, есейе келе оны қажет емес не пайдасыз деп бағалап, фантазияны сананың ең алыс бөлігіне итеріп тастайсыз.
Оны қайтадан бері алып шығу үшін күнде таңертең блокнотқа ойыңызға келген сөздер, сөйлемдер, дәйексөздерді жазып отырыңыз.
Әр жазған сөзіңізді елестетіп, оқиға құрыңыз. Уақыт өте келе сіздің не жақындарыңыздың өмірінде блокнотта жазылған оқиғалар бола бастағанын байқайсыз. Жаңа нәрселерді танудан қорықпаңыз.
Фильм түсіріңіз
Ойыңызбен өзіңіздің өміріңіз жайлы фильм түсіріп көріңіз. Біреумен кездесудің алдында сол сәтті елестетіңіз. Кездесу болатын жер, киіміңіз, сәлемдесу, әңгіме барысы, қоршаған орта, жан-жағыңыздағы адамдар, мәзір, сол адаммен кездесуден кейінгі көңіл-күйіңізді, бәрін елестетіп көріңіз. Бұл тек кездесуге ғана емес, демалыс, саяхат секілді басқа жағдайға да қатысты.
Жалғасы бар...
Ф. Абилова