- Негізгі бет
- Психология
- Күнделікті өмір этикасы...
Күнделікті өмір этикасы – 2
Әрбір адам білуі тиіс әдеп ережелерімен танысыңыз.
9. «Кім төлейді?»
Егер біреуді түскі не кешкі асқа шақырсаңыз, шотты сіз төлеуіңіз керек. Егер «мынадай жерге барайық» десеңіз, әркім өз-өзіне төлейді. Ер адам шотты төлеуді ұсынса болады.
10. Диетада отырғаныңызды бәріне хабарлаудың қажеті жоқ
Біреудің үйіне қонаққа барып, диетаны сылтауратып иесінің тамағынан бас тартқан әдепсіздікке жатады.
11. Қонақта...
Үйіңізге келген қонақтарыңыздың бәріне бірдей назар аударып, әңгімелесуіңіз керек. Біреуді шеттетіп, біреумен сөйлесу – әдепсіздік.
12. Лифтке кім бірінші кіруі керек?
Лифтке бірінші ер адам кіреді. Ал шығарда, есікке жақын адам бірінші шығады. Егер лифтке кірерде ер адам қолын созып, әйел адамды өткізіп жатса, әйел бірінші кіреді.
13. Көліктегі этикет
Көлікке бірінші болып әйел адам отырады. Содан соң ер адам кіреді. Ал шыққанда керісінше, ер адам бірінші шығуы керек. Бір-бірін танитын адамдар көліктің артқы орнына бірге отыруы керек. Қыз-келіншектер такси ұстайтын болса, артқы орынға отырғаны жөн. Ал ер балалар алдына да отыра алады. Жүргізушінің рұқсатынсыз есікті, терезені ашпаңыз. Салон ішіндегі кітап, буклет, журнал, заттарды ұстап, ақтармаңыз.
14. Үстел басында...
Саясат, дін, денсаулық, ақша мәселелерін көтермегеніңіз дұрыс. Егер белгілі бір тақырыпты ұнатпасаңыз, әңгімені басқа жаққа бұрып жіберуге тырысыңыз.
15. Кино, театр, концертте...
Адамдардың алдынан артыңызбен өтпеңіз. Қатарға алдымен ер адам, содан соң әйел адам өтеді. Егер сеанс, көрілімге кешіккен болсаңыз, өз орныңыз алыста болса, жақын жердегі бос орынға отырғаныңыз жөн.
Байырғы ғасырдан бері келе жатқан кейбір этика нормалары ескіріп қалса, біз атаған 15 ереже әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес.
Ф. Абилова