Әйел адам қалай күш жинайды?

Әйел адам қалай күш жинайды?
Фото: amur.kz, Андрей Хамицевич

Әйел адамға нәзіктік жарасады. Оған дауымыз жоқ. Әйткенмен тек нәзіктігі ғана бойынан табылатын бойжеткендер біраз нәрседен құр қалады. Мұндайлар өмірмен күресіп, болған жағдайға болаттай берік бола алмайды. Сондықтан мына өмір әйелдер қауымының да мықты болуын талап етеді. Мұнымызбен әйелдің қара күшке ие болуын міндет санап тұрғанымыз жоқ. Ішкі жан дүниенің мықтылығы әйел адамның еңсесін түсірмейді. Ал осындай күшті жинау үшін оларға немен айналысу керек?

Кітап оқу. Бұрыннан сөреде тұрған, бетін бір рет те ашпаған кітапты парақтап оқып шығыңыз. Әр сөзіне мән беріп, ой елегінен өткізіп оқыңыз. Адам кітап оқыған сайын өзін де жете түсіне бастайды.

Спортты сүю. Спорттың жеңіл түрінен бастап шынығып, шамаға қарай ауырлатуға болады. Спортпен айналысып, денесін үнемі шынықтыратын әйелдер қауымы жиі құлази бермейді.

Салауатты өмір салтын сақтау. Жаман әдеттер әйел адамның сұлулығы мен бітім болмысына кері әсер етеді. Салуатты өмір салтын сақтау шылымнан бас тартып, ішімдік ішпеумен ғана шектелмейді. Уақытылы ұйықтау, құр еріншектікке салынбау секілді дүниелердің де салуатты өмір салтына тікелей қатысы бар.

Сүйе білу. Жүрегі махаббатты жытырқайтын, сергелдең сезімдермен «ауырмайтын» әйелдердің де ішкі дүниесі әлсіз болады. Әйел адамның жан дүниесі махаббатқа толы болуы керек. Ол сонда ғана біреуді ғашық етіп, сонда ғана әлдебіреуге сезім сыйлай алады.

Дұрыс тамақтану. Денсаулыққа пайдалы өнімдерден пайдасыздарын ажырата білгеніңіз дұрыс. Бақта ағаш басында өсіп тұрған алма мен бургердің айырмашылығы жер мен көктей ғой?

Жалғыздықпен сырласу. Бұл мүлде жалғыз қалып, қоғамнан оңашалану деген сөз емес. Біршама уақыт адамдардан алыстап, өзіңмен өзің қалсаң, миың тынығып қалары сөзсіз.

А. Әбілхан