Әріптестеріңізбен жақсы тіл табысып жүрсіз бе?

Әріптестеріңізбен жақсы тіл табысып жүрсіз бе?
Фото: Михаил Хван

«Ұжым» деген сөз бізге бала күнімізден бері таныс. «Адам адамға жолдас және бауыр». Дегенмен кейде ұжымнан өз орнымызды таба алмай, белгілі бір қиындықтарға ұшырап жататынымыз құпия емес.

Неліктен?

Бәсекелестік

Бұл қағиданы екі жақты қарастыруға болады. Бәсекеге қабілетті болу бар да, көре алмаушылық бар.

Алдыңғысы бірге, иықтаса отырып, жүзеге асады. Ортақ істі жасағанда әркім өз міндетін атқарып, жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, істі сапалы жасауға тырысады. Нәтижесінде бірге қуанады. Бұл – нағыз әріптестік қарым-қатынастың көрінісі.

Ал көре алмаушылық болса, ұжымдағы белгілі бір адамды нысанаға алып, содан асып түсу мақсатын көздейді. Кемшілігін байқаса, жұрттың көзінше бетіне басып, төмендетіп, психологиялық қысым көрсетіп отыруға тырысады. Ұжым арасында жеке басы туралы өсекті де таратып үлгереді.

Мансапқорлық

Бір жандар жұмыс істеуге тек жоғары мансап үшін келеді. Ол мансаптың жолында бәрін құрбан етуге даяр. Басшылардың көзіне тез түсіп, тіпті 24 сағат жұмыс істеп, діттегеніне тез жете алады.

Барлығы тең болу керек

Бір қарағанда әділетті сияқты болғанмен, мұның теріс жағы да бар. Мысалы, барлығы тең болу үшін қызметкер өз әріптесінің ізденгенін, заманауи жолдарды іздестіргенін ұнатпайды, «бастықтың көзіне түсу үшін істеп жүр» деп, ұжымдағыларды оған қарсы қояды. Сондықтан мұндай ұйымның тасы өрге домалап, дамып кетуі екіталай.

Жалпақшешейлік

Ұжымда тек біреуге көмектесу үшін жүретіндер де кездеседі. Мысалы, компьютерде жұмысын теруге көмектеседі, әріптестермен байланыс жасайды, сол үшін ақпарат іздейді, бір сөзбен айтқанда әлгі кісінің оң қолы, көмекшісі болады. Өзінің арқасында біреудің қызметі, жалақысы жоғарылап жатқанына да мән бермейді. Бұл "альтуризм" деп аталады.

Сіз ше? Ұжымдағы әріптестеріңізбен тіл табысып жүрсіз бе?  

Ф. Абилова