Психологиялық тест: өз мінезіңді таны – 2

Психологиялық тест: өз мінезіңді таны – 2
Фото: amur.kz

Адамның мінезін әртүрлі психологиялық тест арқылы тануға болады. Бірі сәйкес келіп жатса, басқасы мінезімізге мүлде кереғар келіп жатады. Алайда мұның себебі бар. Әдетте біз тест шартын бұзып, қате нәтижеге ие боламыз. 

Төмендегі суретке қарап, өзіңізге көбірек ұнаған көздің суретін ұзақ ойланбай таңдап, нәтижесін қараңыз.

Басы

6. Басты қасиетіңіз – аса сезімталдылық.

Сіз – айналаңыздағы болып жатқан жайттың бәрін бүге-шігесіне дейін байқатын және есіне сақтайтын адамсыз. Мұның арқасында әлеммен үндесе аласыз. Сезімдеріңіз әрқашан терең, әрекетіңіз кейде ақылға қонымсыз болса да, сүйкімді көрінеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай.

Дегенмен сіз өзгелерге өз нәзіктігіңізді білдіртпеуге тырысасыз. Оның орнына ақылдылығыңыз бен даналығыңызды көрсетесіз.

Жалпы, сіз позитивті тұлғасыз. Сондықтан өмірден тек жақсылықты күтесіз. Өмірде болып жатқан қызықты, ерекше жайттар жайлы бірінші білуге ұмтылатын адамсыз.

7. Энергиясы мол адамсыз.

Тұла-бойыңыздағы энергия әлемді ерекше етіп көруге көмектеседі. Сезімдеріңіз үнемі шектен шығуға жақын тұрады. Шын жүректен сүйіп, шын жүректен жек көре аласыз.

Кез келген сұраққа қатысты өз пікіріңіз бар. Энергияңызды уайымдауға жұмсауға үйірсіз.

«Бәрі маған қарап тұр, маған сенеді» деген ауыр жүкті арқалап жүргендейсіз.

8. Сіз – ережеге бағынбайтын жансыз.

Сіздің қызығушылықтарыңыз бен ұстанымдарыңыз өзгелердікіне ұқсамайды. Басқалар үшін сіз «біртүрлі адамсыз». Бірақ сізді мұндай пікірлер алаңдатпайды.

Сіз дәстүр мен ережеге бағынбайсыз. Өз жолыңызды іздеумен боласыз. Егер оны табу үшін талай жерден сүріну керек болса, оған да дайынсыз.

Жақындарыңыздан ешнәрсені жасырмайсыз, бірақ өз пікіріңізді де орынсыз айта бермейсіз. Әркімнің өз жолы бар, әр адам — ерекше тұлға екенін түсінесіз. Сол себепті біреу сізді сынап, мінесе, ойынға айналдырып жіберіп, аса мән бермейсіз. Дегенмен, өзіңізге ұқсас адамды іздейсіз.

9. Ішкі дауысыңызға сенесіз.

Сіз — қоршаған орта мен әлемді сезе алатын адамсыз. Адамның сезімі мен ойын сөзіне қарап емес, дауысына, жүріс-тұрысына қарап білесіз. Бала кезіңізден бастап адамдарды жақсы танисыз.

Біреудің ойы мен өзгелерге білдіртпейтін қасиеттерін байқай аласыз. Бұл білім сізге өмір жолында да, мансапта да талай рет көмектесті. Біреу біреуді арбаса, алдаса бірден сезіп, білесіз. Сол себепті сізді де алдау өте қиын.

Ф. Абилова