Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Психологиялық тест: өз мінезіңді таны

Психологиялық тест: өз мінезіңді таны

Психологиялық тест: өз мінезіңді таны

Көз – жанымыздың айнасы. Көзге байланысты психологтар ерекше тест түрін ойлап тапты. Суреттегі 9 көзге қарап, ұзақ ойланбай, біреуін таңдаңыз.

Ойланып, таңдаудың қажеті жоқ. Қайсысы сізге көбірек ұнады, соны таңдауыңыз керек.

1. Егер сіз 1-көзді таңдасаңыз, демек басты қасиетіңіздің бірі – көңілділік.

Сіз әрбір жаңа танысқа қуанатын адамсыз. Кез келген адамға жүрегіңіздің есігін ашып, жайдары қарсы алуға дайынсыз. Салдарында талай рет қателесіп, қапаланасыз. 

Өзгелерге қорқышыңыз бен сенімсіздігіңізді білдіртпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шеше алатыныңызға сенімдісіз. Сонымен қатар басқаларға да қол ұшын беруге дайын тұрасыз.

2. Сіздің басты қасиетіңіз – адалдық.

Өзгелерге жақсы әсер қалдыру үшін барыңызды салуға дайынсыз. Бәрін дұрыс жасауға тырысасыз. Адамның іс-әрекетіне қарап, оған баға беруге болады деп санайсыз.

Күйзеліске түскенде не көңіл-күйіңіз төмен болғанда ешкімге тіл қатпауга тырысасыз. Әлем сіздің қынжылған, ашулы не мазасыз күйіңізді көрмеуі керек деп есептейсіз. Өзіңізді өзгелерге арнау үшін өмір сүресіз.

3. Егер 3-ті таңдасаңыз, дәл қазір өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін.

Өткеннің естелігі қазіргі күнге әсер етеді. Өмірді қатігез деп санайсыз. Өзіңізге жайлы орын іздеумен келесіз.

Беймаза ойларыңызды ешкімге айтпауды жөн көресіз. Өйткені ақырында бәрі өз орнына келетініне сенімдісіз. Бұл өткінші, ауыр кезең екенін жақсы түсінесіз.

4. Сіз – нағыз философсыз.

Сіз әлемдегі барлық нәрсенің «түпкі себебін» табуға әуес адамның бірісіз. Басқа ешкімнің мазасын алмайтын сұрақтар жайлы ойланып, әлемнің «құрылымын» түсінуге ұмтыласыз.

Бір уақытта бірнеше нәрсе туралы тереңінен ойланып, жауабын табуға тырысасыз. Жауабы табылған сұрақты қойып, жаңа жұмбақты шешуге кірісесіз. Әлем сіз үшін — үлкен жұмбақ. Оның шешімін тауып, не істейтініңізді білмесеңіз де, іздеуді тоқтатпайсыз.

5. 5-көз – ақылға сыймайтын жұмбақ жан.

Сіз әлі күнге дейін өмірдегі өз орныңыз бен кім екеніңізді таппадыңыз. Дегенмен, тырысуды тоқтатпайсыз.

Көңіл-күйіңіз сағат сайын ауысып тұрады. Өзіңіз жайлы әңгімелегенді ұнатпайсыз. Көп сөйлегенді жақсы көрмейсіз. Бірақ біреудің әңгімесін тыңдағанды қызық көресіз.

Жалғасы...

Дайындаған: Фариза Абилова
Фото: Хан Османов, kanal3.bg
Қосылған күні: 08 маусым 2015, 10:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.