- Негізгі бет
- Психология
- Табысты адамдардың ұстанымдары...
Табысты адамдардың ұстанымдары – 2
Табысты адамдардың өмірге деген көзқарасы қандай? Олардың әдеттері ше?
6. Күнделікті тәжірибе
Табысты болу үшін тәжірибенің молдығы қажет. Табыс – оңай келетін дүние емес. Оған жету үшін талай жерден сүрініп, тәжірибе жинау керек. Онсыз бойыңыздағы талант та көрінбей қалады. Жалпы, кез келген қиындық өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді көрсетуге көмектеседі.
7. Қоршаған орта
Бұл да әдет саналады. Жан-жағыңызда тек табысты, позитивті, күш-қуаты мол адамдар болсын. Олар сізді табысқа, жаңа белеске ынталандырып, пайдалы кеңес те бере отырады. Күйзеліске түскен уақытта да сізді аяққа тұрғызатын адамдар болуы керек. Сол себепті айналаңызды сіздің санаңызды улайтын емес, тек алға ұмтылатын адамдармен қоршау керек.
8. «Рақмет»
Бұл әдет өміріңізге талай жақсылық әкеледі. Қолыңызда бар дүниеңіз үшін рақмет айта біліңіз. Әр атқан таң, әр табысты іс, жемісті еңбек, қуанышты сәт үшін рақмет айтуға дағдыланыңыз. Сонда өміріңіздің қалай өзгергенін де байқамай қаласыз.
9. Қажымаңыз
Электр шамын жасау үшін Томас Эдисон 10 000 рет қателесті. Уолт Дисней әйгілі Диснейлендті құру үшін 303 рет банктен «жоқ» деген жауап естіді. «Гарри Поттердің» авторын қаншама баспагер қайтарып жіберді? Сіз де өз мақсатыңызға сеніңіз.
Ф. Абилова