Бойжеткендерге қандай жігіттер ұнайды?

Бойжеткендерге қандай жігіттер ұнайды?
Фото: Турар Казангапов, Александр Орлов, Болат Срымов

Көп жігіт қыздарға қандай адамдардың ұнайтынын білгісі келеді. Қыздардың талғамы жоғары болса да, олардың көңілінен шығуыңызға болады. Кезекті материалымызда жігіттердің қыздарға ұнайтын қасиеттерін талдаймыз. Аталған қасиеттерді бойыңызда қалыптастыру арқылы үлкен жетістіктерге жетесіз деген үміттеміз.

Бойжеткендер әдемі жігітті ұнатады

Кез келген сұлу қыз жанында өзі секілді әдемі жігіттің жүргенін қалайды. Өзін күтетін қыз ешуақытта ұсқынсыз, кір болып жүре беретін жігітпен болашағын бірге құрастырғысы келмейді. Табиғатыңыздан мінсіз болмасаңыз да, тазалықты сақтап, стильді киім киіп, әтір себіңіз.

Бойжеткендерге мықты жігіттер ұнайды

Кез келген қыз табиғатынан білекті жігітті жолықтырсам деп армандайды. Өзіңіздің күшті екеніңізді айтып жатпай, оны іс жүзінде дәлелдегеніңіз жөн. Алайда қыздардың тек білек күшін бағаламайтынын біліңіз. Физкалық күш, ақыл-ой күші, рухтың мықтылығы сынды түрлері бар.

Бойжеткендерге табысты жігіттер ұнайды

Қыздар жігіттің қоғамдағы беделі мен табыстылығын ерекше бағалайды. Көбісі тұрмыста таршылық көрмей, еркін өмір сүруді қалайды. Жігіттің қалталы болып, қалаған дүниесін сатып алғанда тұрған ешнәрсе жоқ. Бұл сөздерден кейін қыздарға ақшалы азаматтар ұнайды деп ойлаған шығарсыз. Есіңізде болсын! Бойжеткендер қалталы азаматтарды емес, өмірде бір нәрсеге өз күшімен жеткен азаматтарды жақсы көреді.

Қыздар үшін жігіт пен табыс сөздері синоним секілді егіз ұғым. Сол себепті сүйіктіңізді қарату үшін әрекеттер жасаудың орнына, өзіңізді дамытумен айналысыңыз.

Бойжеткендерге батыл жігіттер ұнайды

Батыл жігіттер ғана айға қол созып, ең қиын іске ұмтылады. Ал бойжеткендер табиғатынан осындай жігіттерді ұнатады. Табиғат заңын өзгерту мүмкін емес екенін өзіңіз де біліп тұрған шығарсыз.

Бойжеткендерге өзіне сенімді жігіттер ұнайды

Осы тұста өзіне деген сенімділікпен менмендікті, тәкаппарлықты шатастырып алмаңыз. Өз күшіңізді бағдарлап, сүйіктіңізді болашаққа жетелей алатындай қауқарыңыз болса, кез келген аруды өзіңізге қарата аламын деп ойлай бергеніңіз жөн.

Бойжеткендер шынайылықты жақсы көреді

Шындығында қыздарға қандай жігіттер ұнайтындығы туралы ойлана берудің қажеті жоқ. Оның соңынан жүгіремін деп өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сондықтан бар назарыңызды болашағыңыздың жарқын болуына бағыттаңыз. Сол кезде сіздей табысты жігіттің жақсы қызды жолықтыратыны анық. 

Қ. Бүйенбай