- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттер болашақ жарын...
Жігіттер болашақ жарын қалай таңдайды?
Ерлер өзіне жар таңдау кезінде қыздың қандай қасиеттеріне мән береді? Бұл сұрақ көптеген арулардың қызығушылығын тудырып, мазасын қашырады. Осы сауал төңірегінде ой жүгіртіп көрсек.
Сұлулығы үшін
Бұл – жаңалық емес. Әйел затының сұлулығын әлемдегі ең «өтімді тауар» деп санауға болады. Ол үшін талай ерлік пен ессіз әрекеттер жасалады. Әр ер адам жанында сұлу аруды көргісі келеді, алайда мұны оның тек жартысы ғана мойындады. Сұлу әйел өзін бағалай біледі. Әрі ер адамдарда сұлу қызын кез келген еркек алып кетуі мүмкін деген ой мазалайды.
Аса сұлу емес келбет үшін
Қызықты өмір сүрген сымбатты, кербез ер жігіт тұйық мінезді, көзге аса көрінбейтін қызға үйленіп жатады. Бұл жиі кездесетін «феномен». Расында да көшеде келе жатып «Мынадай сұлу жігіттің қасында келбетсіз қыздың болуы қалай?» деген сұрақ сізді ойландырды емес пе? Психологтар бұл феноменге мынадай түсінік береді: еркектер әйел адамның тән сұлулығының «нарықта өтімді» екенін біле тұра аса сұлу емес қызды жар етіп алғанды жөн көреді. Бұл өзінің отбасын қорғау мақсатында жасалатын бейсаналы әрекет.
Ақыл үшін
Бұл белгілі жайт. Қызықты әңгімеге араласа алмайтын сұхбаттасушы кімге керек? Күйеуінің табысын дұрыс сақтап, жұмсай алмайтын, үй шаруасын алақанда ұстай алмайтын әйелді кім қажетсінеді? Сонымен қатар ақылды әйел балаларды жақсылап тәрбиелей де алады. Ақылды әйелмен бір шараға қолтықтасып бару да өзінше жақсы. Ол кез келген ортаға сіңісіп, қызықты әңгіме айтып, әзілдің де орнын біледі. Дегенмен ақылдылықтың да жағымсыз жақтары болады. Тым ақылды әйел күйеуіне «бүйт-сүйт» деп бұйрық беріп, күндердің күнінде басқаруды толықтай өз қолына алуы да ғажап емес. Сөйтіп ер адам бір күні әйелінің көлеңкесінде қалады. Сол себепті бәрінің тепе-теңдігін қадағалап отыру керек.
Не дегенмен, күйеуге шығуды мақсат еткен қыз отырып қалмайды. Себебі қазірде сіздің әрбір қасиетіңізге көңілі ауатын кемінде бір жігіт табылады. Кез келген жігіттің өзіндік пікірі мен қалауы бар. Әр жігіт әртүрлі тәрбиеленіп, әртүрлі менталитетпен өседі. Сондықтан сұлумын-сұлу емеспін, ақылды-ақылды емеспін, білімді-білімім жоқ деп уайымдайтын қыздар, біреудің қалауына сай икемденуге міндетті емес. Оның орнына өзіңіздің жақсы, тартымды қасиеттеріңізді дамыта түсіңіз.
Ұқсас жазбалар:
Махаббат теориясы: сезімді сақтап қалу
Махаббат теориясы: сүйемін жалғыз өзіңді
Ф. Абилова