Рухы мықты адамдар қандай болады? #2

Рухы мықты адамдар қандай болады? #2
Фото: Николай Киреев

Рухы мықты адамдар қандай болады? 

Басы

Біреудің табысын қызғанбайды

Өзгелер табысқа жетіп жатқанда қуануыңыз керек. Себебі, олардың қолынан келген дүние сіздің де қолыңыздан келеді деген сөз. Біреудің табысының сізге зияны жоқ. Сондықтан, қызғанудың да орны жоқ. Керісінше, алға жетелейтін «стимул» болары анық. Сол себепті, жағдайға жан-жақты қарауға тырысу керек.

«Қолымнан келмейді» деп ойламайды

Ойыңыздың болашағыңызға тікелей әсер ететінін білесіз бе? Рухы мықты адамдар мұны жақсы біледі. Сондықтан, ойыңыз дұрыс болсын.

Өзін аямайды

Өмірде сан түрлі жағдайлар болып тұрады. Арасында сүрініп, арасында құлап жатамыз. Ең бастысы, өзіңізді аяп, жер бауырлап жатып қалмай, жігерленіп, бар күшіңізді жинап, аяққа тұру керек.

Кемшіліктеріне бола әлектенбейді

Әрине, әр адам өз кемшіліктерін білуі керек. Алайда, егер сіз табысқа жеткіңіз келсе, оған уайымдамауыңыз керек. Керісінше, мықты қасиеттеріңізді пайдалануыңыз керек. Сондай-ақ, өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді дамытуға талпынсаңыз, кемшіліктеріңіз маңызсыз бола түседі.

Бәріне ұнауға тырыспайды

Жақсы атқарылған жұмыс кім не десе де, жақсы атқарылған жұмыс болып қалады. Сіз бәріне бірдей ұнай алмайсыз. Сондықтан, жұмысты өзіңіз үшін, өз деңгейіңізді көтеру үшін жасауыңыз керек.

Өздерін кінәламайды

Рухы мықты адамдар өздеріне бағынбайтын ситуацияларға бола уайымдамайды. Қолынан келмеген нәрсе үшін өзін кінәламайды.

Шыдамсыздық танытпайды

Көптеген сәтсіздіктердің себебі – күте алмауда. Шыдамсыздық танытып, жарты жолдан немесе 41-дің 40-ына жетіп, артқа шегініп кетуімізде.

Ұқсас жазбалар:

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады

Өсекшілер өз арамызда...

Ф. Абилова