Сүйген жігіт бірінші болып хабарласады

Сүйген жігіт бірінші болып хабарласады

Қыз баласының жолы жіңішке болса да, инабатты да ибалы қыз еш уақытта бірінші болып қадам жасамайды. Бұл махаббат мәселесіне қатысты айтылып жатыр. Өзіңіз ойлап көріңізші. Ертең балаларыңызға «Мен әкелеріңді өзіме қарату үшін, қысқа белдемше киіп, бетіме бояу жағып, қызықты бірнәрселер ойластырып жүретінмін. Оны көре саласымен мойнына асылып, қалағанын екі етпей орындайтынмын. Оған үздіксіз хат жазатынмын. Өздерің көріп отырғандай, нәтижесінде дегеніме қол жеткіздім» деп айтқыңыз келе ме? Әрине, жоқ. Біз сүйген жігітіміз жүрегімізді жаулау үшін түрлі романтикалық әрекеттер жасап, бізді ұзақ күткенін қалаймыз. Күнделікті кішігірім тосын сый да алып тұруға қарсы емеспіз. Шындығында бұл сіз бен біз ойлағандай қиын емес.

Ең алдымен, не себепті оның үнемі бірінші болып хабарласуы керектігін талдап алайық. Сүйіктімізді е-мейл, үздіксіз қоңырау, күтпеген кездесу, фейсбуктегі хаттар, смс хаттар, отбасымен танысуға шақыру, құшақтау және т.б.-лардың көмегімен қорқытып алуымыз мүмкін.

Жігіттер сырттай батыл, қатты болып көрінгенімен, жүректері өте нәзік келеді. Үнемі ізденіс үстінде болып, аң аулаған мергендей жүруді ұнатады. Егер жігіт жоғарыда аталғандардың бірін де жасама, махаббаттарыңыздың ғұмыры қысқа болатынын біліңіз. Жастық шағыңыздың бос өткенін қаламасаңыз, төмендегі ережелерді ескеріңіз.

1. Уәде берсе де, хабарласпады. Ол мұны екі сағаттан кейін немесе екі күннен кейін жасайтыны маңызды емес. Ғашық жан ешуақытта мұндай мүмкіндікті жібермейді. Яғни «ертең ерте тұрып, қорадағы қойды шығаруым керек», «сабаққа барамын», «өзге жұмыстарым бар» сынды сылтаулардың күші жойылады. Әдетте жігіттер қанша жерден шұғыл шаруалары шығып тұрса да, сүйіктілерімен сөйлесу үшін уақыт табатындығын айтады.

2. Ол сезімге берілгісі келмейді. Жігіттер өзіне тиесілі дүниені ешкіммен бөліспейді. Сүйіктілерін өзге біреу алып қоймақшы болғанда, қатты ашуланады. Ал олардың бұл әрекеті бізге ұнауы керек. Үнемі қасымызда болу керектігін есіне салып отыратын жігіттің бізге не керегі бар? «Оның бұған дейін жүрегі қатты жараланған», «ол өз өмірін ретке келтіргісі келеді» сынды сылтауларды шетке ысырыңыз.

3. Ол алыста тұрады. Сізді сүйетін жігіт үшін қайда тұратыныңыз маңызды емес. Сіз қалада, ол ауылда тұрса да, сізді бір көріп қайтуға ынтық болады. «Ол қарт ата-анасын тастап кете алмайды», «ол барлығын өзгертуге қорқады», «оның басқа қалада оқуы бар» сынды сылтаулармен өзіңізді алдамаңыз.

4. Оған әзірге өмірлік жар керек емес. Жігіттер жүрегін жаулаған аруды жолықтыруды армандайды. Сол себепті ол сізге «мен әзірге үйленгім келмейді» немесе «маған ұзақ мерзімді қарым-қатынас керек емес» деп айтқан болса, мұны «сенімен бірге болғым келмейді» деп түсініңіз. «Аузы күйген үрлеп ішеді», «мүмкін бірге болып көрсек, бір-біріміз үшін жаралғанымызды түсінетін шығармыз» сынды сылтауларды да айтпағанымыз жөн.

Есіңізде болсын! Сүйген жігіт бірінші болып хабарласады. 

Сурет: ©Бауырджан Бисмильдин

Қ. Бүйенбай