- Негізгі бет
- Психология
- Сүйіктіңіздің көңілін аулағыңыз...
Сүйіктіңіздің көңілін аулағыңыз келсе... (жігіттер үшін) #2
Кез келген бойжеткен өзгелердің ыстық ықыласына бөленіп, сүйіктісінің көзайымына айналуды ұнатады. Одан әрдайым жылы сөздер естіп, өзіне деген жақсы қарым-қатынас күтеді. Ал көп жігіт бойжеткендердің мінезі мен қалауын түсінбейді. Егер сіз де олардың біреуі болсаңыз, кезекті материалымыз өзіңізге арналады.
Майда-шүйдеге мән беріп, қошемет сөз айту
Жігіттер кездесуге дайындықсыз келсе де, бойжеткендер бірнеше сағат бойы дайындалуы мүмкін. Тырнағына маникюр жасап, шашын сәндеп, киімін үтіктеп, бояу жағады. Мұның барлығын сүйіктісі бағаласа екен деген ниетпен істейді. Үстіндегі көйлектің жаңа екенін айтудың, сәнді шаш үлгісіне мән берудің маңызы зор. Оның үстіне өзгерісті байқау қиынға соқпайды. Сіз өзгерісті екі себепке байланысты байқамауыңыз мүмкін:
1-себеп. Сіз де өзге жігіттер секілді майда-шүйдеге мән беруді ұнатпайсыз. Миыңыздағы ақпараттың көптігі соншалық, байқағыштық қасиетіңіз іске қосылып үлгермейді.
2-себеп. Сүйіктіңізбен уақыт өткізу үшін ғана жүріп жүргендіктен, оны қуантып әуре болмайсыз.
Ыдыс жуыңыз
Қазір әйел жұмысы, ер адамның жұмысы деп бөлінетін заман емес. Әрине ағайын-туысқандарыңыздың көзінше ыдыс жуып жүргеніңіз әбестік болады. Бар болғаны айына бір рет жұмыстан немесе басқа жерден шаршап келген кезде сүйіктіңізге үй шаруасынан демалуға мүмкіндік беруіңізге болады. Осылайша оның өзіңізге деген қарым-қатынасын қалай бағалайтындығыңызды көрсетесіз.
Сырт киімін киіп, шешуге көмектесу
Театрға, киноға барған кезде оған сырт киімін шешуге және қайта киюге көмектесіңіз. Мұны сізсіз де жасай алатыны түсінікті. Десе де мұны асқан батылдығыңыз деп бағалайды.
Көпшіліктің арасынан өту
Бойжеткендер жанында қамқоршы адамдардың жүргенін жақсы көреді. Шындығында, бұл сезім барлығына жетіспейді. Ал бойжеткендер оны ер адамның арқасына тығылу арқылы көрсетеді.
Әр кез жұрттың арасынан өтіп бара жатқан кезде оның қолынан ұстап, сіздің соңыңыздан еретіндей жағдай жасаңыз. Осы әрекетіңізбен сенім артуға болатын адам екеніңізді дәлелдейсіз.
Алғыс айту
Көп жағдайда «рақмет» деп айтуды ұмытамыз. Бір-бірімізді көптен бері танитындықтан, бұл сөздеріміз артықтау болып естіледі. Алайда алғыс еш уақытта артықтық етпейді. Бұл сіз сыйлаған қымбат сыйлықтардан әлдеқайда бағалы.
Ал Сіз сүйіктіңізді қалай қуантасыз?
Сурет: Макс Галаев
Қ. Бүйенбай