- Негізгі бет
- Психология
- Өмірлік мақсатыңыз жоқ...
Өмірлік мақсатыңыз жоқ болса...
Бізге айналамыздағы адамдар "Өмірдегі мақсатыңды таптың ба?" деген сұрақты жиі қояды. Әдетте, мақсаты нақтыланбаған адам "Иә, үлкен үй тұрғызып, бай болу" деп автоматты түрде жауап береді.
Әр адамның мақсаты әртүрлі. Оны қалай анықтаймыз?
1. Немен айналысқанды ұнатасыз?
Сіздің мақсатыңыз жақсы көретін істеріңізбен тығыз байланыста болуы керек. Мақсатқа талпынатын ұлы адамдар өзінің сүйікті ісімен айналысады. Мәселен, Билл Гейтс компьютерлерді, Опра Уинфри адамдарға көмектескенді, Эдисон жаңалық ашуды ұнатқан. Ал сізге не ұнайды? Мүмкін сіз жазуды, оқуды немесе спортпен, бимен, сурет салумен айналысқанды жақсы көресіз? Әлде сізге нарық, бизнес, сауда, қарым-қатынас немесе бір нәрсені жөндеу ұнай ма? Қалай болған күнде де соны анықтап, өмірлік мақсатыңызбен байланыстырыңыз.
2. Бос уақытыңызда не істейсіз?
Бос уақытыңызда қандай іспен айналысатыныңыз өмірлік мақсатыңызды анықтауға септігін тигізеді. Хоббиіңіз қандай? Бос уақытта айналысатын ісіңіз – сіздің шын қалауыңызбен жасайтын жұмысыңыз деп санаңыз.
3. Не жайлы ізденесіз?
Қандай кітап, журнал оқығанды ұнатасыз? Бизнес, тағам, балық аулау туралы, әлде көркем әдебиет оқисыз ба? Жеке кітапханаңызды пайдалы әрі қажетті кітаптармен толтырыңыз.
4. Сізді ілгері итермелейтін не нәрсе?
Әр адамның шабыты әртүрлі нәрседен туындайды. Біріне саудамен айналысу шығармашылықпен бірдей болса, біріне тағам жасау ерекше ләззат сыйлайды. Кейбір жандарға қарым-қатынас, коммуникация ұнайды, олар психолог, саясаткер, мұғалім, маркетолог, НR менеджер бола алады.
5. Өзгелерге сіздің қандай қасиетіңіз ұнайды?
Дайындаған тағамыңызды бағалап, риза болатын адамдар бар ма? Немесе салған суретіңізді, айтқан әніңізді естіп, таңданып, қуанатын жандар бар ма? Мүмкін жазған әңгімеңізді біреу ұнатқан болар? Кез келген адамның бір нәрсеге бейімі бар, соны анықтауыңыз керек.
6. Жетістікке жететініңізді алдын ала білгенде қандай іспен айналысатын едіңіз?
Бірі "сұлулық салонын ашар едім" немесе "бір жобаға жетекшілік етер едім", екіншісі "дүкен ашып, жеке кәсіппен айналысар едім" деп жауап берер еді. Жауабыңыз қандай болмасын, мақсатыңызды анықтауға көмектесері анық.
Іске сәт!
Сурет: ©Юлия Королева
Ұқсас жазба:
Ф. Абилова