Арбаушының әдісін білесіз бе?

Арбаушының әдісін білесіз бе?

Психологияда алдауды қоғамдық-психологиялық феноменге жатқызады. Неліктен? Себебі табиғатынан адам мейірімді, адамгершілігі мол тіршілік иесі болуы тиіс.

Бүгінгі тақырып қоғамда, қазіргі 21 ғасыр қоғамында өзекті мәселе болып отырған алдап-арбау жайлы болады. Яғни бір сөзбен айтқанда "манипуляция". Бұл сөз қазақ тіліне жат болғандықтан, "манипулятор" сөзін "арбаушы" деп алайық.

Манипуляция жасайтын адамдар арнайы дайындық, біліммен сусындайды. Ал кейбірі оқу-білімсіз-ақ керемет өтірікші бола алады. Қалай болған күнде де, мұндай адамдардың негізгі қулықтары қандай? Сол жайлы айтып өтейік.

1. Олар сізді мадақтап, жағымпазданады

Дегеніне жету үшін арбаушы сізді мақтаудан бастайды. Сіз босаңсып, мәз болып отырғанда олар не қалайтынын сізге айтып, бірнәрсе істеуіңізді сұрайды. Мақтау сөз айтқаннан кейін ол адамға "жоқ" деу сіз үшін өте қиын көрінеді. Неге? Себебі сіз оған "жоқ" деп, оның көңілін қалдырып, сіз жайлы "жақсы, түзу ойын" бұзғыңыз келмейді.

Бұл – арбаушының ойы. Бірақ сіз оның жетегінде кетпеуіңіз керек. Яғни мақтау сөзіне тұрмайтыныңызды айтып, бұйымтайына нық "жоқ" деп жауап беруіңіз керек.

2. Қызғанышқа итермелейді

"Бұл жай көңіл аулаушылық қана!", "ол бар болғаны маған сусын алып берді!" немесе "үйге жеткізіп салды" сынды сөздер ер адамның санасына қонымсыз. Олар оны "жай ғана", немесе "бар болғаны" деп қабылдай алмайды.

Ер адамның өзімшіл қасиеті бар, сондықтан ол басқа адамды өз аумағына кіргізбейді. Осының арқасында әйел адам сол аумақтың иесі атанады. Сол себепті ерінің тыныштығы мен жағдай, ситуация көбінде әйел адамның қолында.

Сіз басқа ер адамды сол аумаққа, яғни өзіңізге жақындатасыз ба, жоқ па, өз еркіңізде солай емес пе? Негізінде, әйел заты мұндай әрекетке жиірек қасақана барады. Яғни, сүйікті жарын қызғандыру үшін. Бұл да манипуляцияға жататын ұмытпаңыз.

Қызғаныш – табиғаттан мінезбен бірге дарыған қасиет. Ол бірінде қатты болса, басқасында әлсіздеу. Яғни бір адамдар жоқ жерден қызғанып, қызбалап, себепсіз де ашуға берілетін болса, басқа адамдар қызғанса да, өзін билей алып, сүйіктісін ренжітпеуді жөн көреді.

Жалғасы

Сурет: ©Евгения Горобец

Ұқсас жазба:

Қызғаныш неден туындайды?

Ф. Абилова