Бақытты әйелдің 10 қағидасы

Бақытты әйелдің 10 қағидасы

Бақытты болғың келсе - жай ғана бола сал...

1. Не болса да – бәрі жақсылыққа. Өкшесі түсіп қалған туфли бәрібір ұнамай жүрген еді, ал киноға кешігіп келу керемет бір жігітпен танысуға себеп болды! Болып жатқан кез келген жағдай бақытты әйелге тағдыр сыйлаған жақсы сый.

2. Келбеті мен болмысы әрдайым мақтау мен мақтанышқа тұрарлық. Қандай да бір кемшіліктері болса да, бақытты әйелдің керемет қасиеттеріне назар аудартпай қоймайды. Табиғат дене берді – одан сұлулық жасау әр адамның қолында. Бақытты әйел өзіне сенімді, өйткені өзін күтіп ұстайды, өзін жақсы көреді.

3. Қоштасу – жаңа кездесудің бастамасы.
Және бұл шынымен солай! Ескірген махаббат қажетсіз, пайдасыз қарым-қатынас ретінде өз бетімен кетеді, ал кейін жаныңа қуаныш пен махаббат сыйлайтын жаңа кездесу болады. Әрбір кездесу – бақытты әйелдің өміріндегі махаббатқа бастайтын жолдың алғашқы қадамдары.

4. Уақыт жоқ деген болмайды.
Және бұл – шындық. Тек сол уақытты дұрыс пайдалана алмайтындар болады. Бақытты әйел маңызды істерді бірінші істеп тастайды, кейін – өз жаны мен қалауына уақыт бөледі, содан кейін барып – қалғандарына. Бір тәулікте 24 сағат қана бар. Және бақытты әйел сол уақытты бар шаруасына жеткізіп үлгереді.

5. Жұмыстағы шарықтау мен құлдырау – өміріңе қажет сабақтар.
Қызметпен көтерілу болсын, керісінше алынып тасталу болсын, жұмыстан айрылу немесе орналасу болсын, бақытты әйел мұның бәрі осы сәтке қажет және керек сабақ деп ойлайды. Яғни, бұл өз іс-әрекетің мен машықтануыңның нәтижесі. Өмірде бәрі пайдалы және заңды. Өмірдің ең қараңғы сәттерінен кейін жарқын күндер келеді, ал бас айналарлық шарықтаудан кейін де жерге қону - заңдылық.

6. Бос армандар болмайды.
Бақытты әйел армандауды бастаған сәттен әлемге өз қалауы жайлы белгі жібереді. Өз қалауын бар жағынан ойластырып, қанық түсте және айқын бейнелермен елестете бастайды. Біраз уақыттан кейін ол соған қол жеткізеді, өйткені ол арманынан еш уақытта бас тартпайды, керісінше соған жету жолында құлшына жұмыс істейді.

7. Өмір – бұл қозғалыс.
Бақытты әйел автобуста жүргенше жаяу жүргенді қалайды, теледидар қараудың орнына спортпен шұғылданады. Ол тіпті ыдыс жуып жүріп те, бөлме жинап жүріп те, бала бағып жүріп те денесін шынықтыра алады. Бақытты әйел терең демалады, ішін тартып, тік жүреді.

8. Қарым-қатынастың қадірі.
Бақытты әйел жақындарын жақсы көреді және оларды қадірлей біледі. Ешқандай ақша мен мәнсап жақындары мен балаларын алмастыра алмайтынын түсінеді. Ең бастысы – отбасы, кейін – қалғаны.

9. Тамақтану – мақсат емес, әдіс.
Бақытты әйел үшін тамақтану – сау ағзаға қажетті заттарды алатын әдіс қана. Тәттілерге қуана біледі, бірақ түрлі бәліштер мен деликатестер – өмірдің мақсаты емес.

10. Қоршаған әлемнің бәрі бақыт!
Бақытты әйел бұл әлем махаббат пен мейірімділік үшін жаратылған дегенге сенеді. Ол барлық жағдайдан жақсылық көреді, бақытқа бөленіп жүреді, басқалардың мәселелері мен қиыншылықтарына ортақтаса алады. Өмірде түрлі кезеңдер болатынын жақсы түсінеді, бірақ ол үшін ең бастысы бақыт бар! Және ол әрдайым оның жағында...

Сурет: profiguru.info

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina